Мен біздің компанияны ең тартымды жұмыс берушілер рейтингінде көргім келеді
Мен, Жұман Гүлманат, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС заңды тұлғалармен жұмыс жасау жөніндегі инженермін.
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде білім алғаннан кейін компаниядағы мансабымды оператор лауазымынан бастадым. Оператор лауазымында тұтынушы-жеке тұлғаларға кеңес бердім, дербес шоттармен, кіріс және шығыс корреспонденциясымен жұмыс істеудің әр түрлі аспектілерімен айналыстым, сондай-ақ өз құзыретімнің аясында тұтынушыларға көмек көрсеттім.
2023 жылы заңды тұлғалармен жұмыс жасау жөніндегі инженер лауазымына ауыстырылдым.
Менің жұмысым шоттарды ұсыну, дебиторлық қарызды төмендету бойынша іс-шараларды жүргізу және өндіріп алудың басқа да әдістері, сондай-ақ тұтынушыларды тұтынылған электр энергиясының есеп айырысуларына қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес беру болып табылады.
Адамдармен жұмыс істеу қиын болуы мүмкін, бірақ мен үшін мұндай жұмыс әрқашан да қызықты. Кейде клиенттер тек кеңес алу үшін ғана емес, сонымен бірге сөйлесіп, шер тарқату үшін де жүгінеді. Мен тек инженер ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар үшін психолог болуға да тырысамын.
Әрине, мұндай жұмыс ауыр болуы мүмкін, сондықтан мен бос уақытымда стретчинг және йога сияқты босаңсытуға арналған жаттығулар кешенімен айналысамын. Бұл маған тепе-теңдікті сақтауға және жұмыстан демалуға көмектеседі.
Үш жылғы жұмыстан кейін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС мен үшін өте ыстық. Мен өмірімнің көп бөлігін жұмыста өткіземін және біздің компания қызметкерлер үшін тартымдылығы бойынша көшбасшылардың бірі болатынын көргім келеді.
Біздің команда «Жеті Қадам 2023» жобасында жеңіске жетті. Бұл жоба жас мамандарға кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Мен Көшбасшылық, Жобаларды басқару, Бюджеттеу, ESG, Қауіпсіздік мәдениеті, Киберқауіпсіздік және т.б. сияқты жеті түрлі тақырып бойынша курстардан өтіп, 7 қаланы араладым. Осы жоба маған елімізді және «Самұрық-Қазына» компаниясын жақсы түсінуге көмектесті.
Мен Қор басшылығына жастардың дамуына және компанияға өз үлестерін қосуға мүмкіндік беретін «Жеті Қадам» жобасын ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін.