Электр энергиясын есепке алудың электрондық құралынан көрсеткіштерді қалай дұрыс алуға болады?
Есептегіштердің электрондық модельдері механикалық дискілермен емес, электронды табломен жинақталған. Шығындалған киловаттан басқа, есептегіште мысалы, құралдың жұмыс уақыты, күні және т.б. сияқты басқа да деректер көрсетілуі мүмкін. Көбінесе көрсеткіштерді ауыстыру минутына бірнеше рет жүзеге асырылады. Егер құрал көп тарифті болса, онда ол әрбір тариф бойынша деректерді кезекпен көрсетеді.
Егер сіздің қолыңызда құралдың паспорты болмаса, онда келесі нұсқаулықты қолданыңыз:
Сұйық кристалды индикаторда (таблода) әрбір 5 секунд сайын ретімен көрсетіледі:
- Ағымдағы күн (жыл, ай, күн);
- Ағымдағы уақыт (сағат, минут, секунд);
- Сәйкестендіру нөмірі (есептегішіңіздің өз нөмірі бар, есептегіштің беткі жағында және паспортта көрсетілген);
- Беріліс саны (есептегішіңіздің өз нөмірі бар, есептегіштің беткі жағында және паспортта көрсетілген):
- «ОРМАН» СО-Э711 ТХ Р PLC IP П RS электр есептегіштерде – 1600
- «ДАЛА» СА4-Э720 ТХ Р PLC IP П RS электр есептегіштерде – 800
- Беріліс санын көргеннен кейін электр есептегіштің жиынтық тұтынуы көрсетіледі, ол сізге түбіртекті толтыру үшін қажетті ақпарат болып табылады
- Киловатт-сағаттағы белсенді жиынтық энергия (үлгіде көрсетілген) – бұл жиынтық көрсеткіш, Сіз тұтынған электр энергияның көлемі. Бұл сандар есептеу үшін қолданылады. Егер құрал көп тарифті болса, онда ол әрбір тариф бойынша деректерді кезекпен көрсетеді: Т1, Т2.
Таблоның сол жақтағы үстіңгі бөлігінде TOTAL, сол жақтағы төменгі бөлігінде kWh деп жазылған.
Бұл суреттегі электр есептегіштің жиынтық тұтынуы 82.52 кВтсағ. құрады
Электр энергиясы үшін есеп айырысу қандай әдіс бойынша жүргізіледі және электр энергиясын тұтынуды дұрыс есептеу бойынша:
* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі №89-VI ҚРЗ Заңына, «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №445 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 13.02.2018 жылғы №07-25/459 хатымен – тұтынушылардың барлық санаттары (жеке және заңды тұлғалар) үшін тәулік зоналары бойынша электр энергиясына тарифтерді саралауының күші жойылды.