Орнықты даму

Орнықты даму - бұл табиғи ресурстарды пайдалану, инвестициялардың бағыты, ғылыми-техникалық даму бағыты, жеке тұлғаның дамуы және институционалдық өзгерістер бір-бірімен келісілген және адамның қажеттіліктері мен ұмтылыстарын қанағаттандыру үшін қазіргі және болашақ әлеуетті нығайтатын қызмет аспектілерінің жиынтығы мен теңгерімі.

Компания операциялық қызметтің халыққа және қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға, қоршаған ортаға зиян келтіретін өндірістік апаттарды алдын алуға, сондай-ақ табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы ұлғайтуды қолдауға тырысады:

біздің шешімдеріміз бен әрекеттеріміз экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға теріс әсер етпеуі тиіс;

біз экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілер тұрғысынан мүдделі тараптарға жағымсыз әсерлерді барынша азайту үшін қажетті шаралар қабылдауға ұмтыламыз.

Директорлар кеңесі Компанияны басқарудың тиімділігін, орнықты дамуын және қызметінің рентабельділігін қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік жауапкершілік 

"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС артықшылықты жұмыс берушінің брендін қолдай және дамыта отырып, нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған нарықтағы үздік кәсіпқойларды тартуға ұмтылады. Серіктестік персоналының құрылымы тәжірибе, білім және кәсіби құзыреттілік тұрғысынан теңдестірілген.

Серіктестіктің кадрлық саясаты мыналарға ықпал етуге арналған:

1) Серіктестіктің стратегиялық бастамаларын барынша тиімді жүзеге асыруға;

2) сату рентабельділігін арттыруға;

3) қызметінің тиімділігін арттыруға;

4) инвестициялық бағдарламаларды тиімді іске асыруға;

5) корпоративтік басқаруды және Серіктестіктің орнықты даму, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарына, тұрақты жақсарту мәдениетін енгізуді ұстануға.

Серіктестік еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс тәуекелдерін азайту мен алдын алу мәселелеріне үлкен мән береді. Компаниядағы әлеуметтік тұрақтылық пен қызметкерлердің қатыстырушылық көрсеткіштерін жыл сайын өлшеу қызметкерлердің ниеттестігі мен сенімін, персоналдың әлеуметтік әл-ауқаты мен қатыстырушылығын арттыру, еңбек жағдайлары мен персоналдың еңбек қызметімен байланысты процестерін жақсарту, коммуникация жүйелерін дамыту және кез келген өзгерістер туралы хабардар ету бойынша шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Осылайша, қызметкерлердің еңбегін ынталандыру және тану мақсатында Серіктестік материалдық емес көтермелеу нысандарын және жанама қосымша материалдық сыйақы нысандарын (қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бағдарламалары және қосымша жеңілдіктер), бизнес-міндеттерді шешу үшін үздік идеялар конкурстарының жеңімпаздарын көпшілік алдында марапаттауды, ерекшелік белгілерімен, ордендермен, медальдармен, грамоталармен, сыйлықтармен марапаттауды, "Жылдың үздік қызметкері" атағына ұсынуды және т. б. дамытады.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және орнықты даму бағыты шеңберінде Серіктестік жас ұрпақтың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, патриоттық тәрбиеге, жастарды әлеуметтік қолдауға және компанияны болашақта жоғары профильді мамандармен қамтамасыз етуге бағытталған жастардың қатыстырушылығын арттыру бойынша жан-жақты жұмыс жүргізеді.

Бәсекеге қабілеттілікті сақтау және дамыту, перспективті, жоғары кәсіби және қатыстырылаған қызметкерлердің әлеуетін арттыру, жеке басқарушы кадрларды тәрбиелеу үшін Серіктестік негізгі лауазымдарды иелену үшін таланттар пулын қалыптастыра отырып, сабақтастық жүйесін дамытады.

Персоналды басқарудың озық практикаларын енгізу қызметкерлердің ойлауын өзгертуге ықпал ететін болады. Корпоративтік мәдениет идеологиялық құрамдас бөлік ретінде қажетті құндылық ұстанымдарын қалыптастыруға, коммерциялық ойлау үшін жаңа мінез-құлық модельдерін енгізуге және өзгерістерге дайын болуға бағытталады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мемлекет, жұмыс берушілер, жұмыскерлер тарапынан үнемі қадағалауды талап ететін аса маңызды әлеуметтік-экономикалық проблема болып табылады.

Серіктестіктің еңбекті қорғау жүйесінің жұмыс істеу мақсаты – бұл қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау. Адамдар – ең құнды ресурс, сондықтан Серіктестіктің жұмыс берушілерінің (басшыларының) басты міндеті адам өміріне қамқорлық жасау және оны сақтау болып табылады.

Серіктестік Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келуге міндеттенеді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы еңбек жағдайларын жақсарту үшін Серіктестік жаңа озық технологияларды енгізеді, қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады, қауіпсіздік талаптарының сақталуына ішкі бақылау жүргізіледі, оған басқару жүйесін құруды және енгізуді ұйымдастыру, еңбек жағдайларының жай-күйін бақылау, өндірістік бақылау деректеріне жедел талдау жүргізу, тәуекелдерді бағалау және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға қатысты анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдау кіреді.

Өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың деңгейі, сондай-ақ Серіктестік бойынша 2022 жылға дейін жұмыспен байланысты өлімге әкелетін жағдайлардың жалпы саны тіркелген жоқ.

    «Самрук-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының үндеуі

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу

Қоғамдастық пен оның мүдделі тараптары арасында тиімді байланыс пен диалог құру үшін байланыс жоспары жасалды.

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу - бұл мүдделі тараптардың оларға мұқият, есеп беру құқығын қамтамасыз ететін механизмдер мен процедуралар жиынтығын қамтитын тұрақты процесс.

    «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тұрақты даму саласындағы 2022-2024 жылдарға арналған бастамалар жоспары

    «АЭС» ЖШС коммуникация жоспары

Тұрақты даму Тұрақты даму
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY