Компанияның тарихы

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС отандық электр энергетикасындағы құрылымдық өзгерістер нәтижесінде «Алматы ПауэрКонсолидейтед» АҚ (АПК) жеке және заңды тұлғаларымен энергиямен жабдықтау шарттарына қатысты дербес компания және құқықтық мирасқор болып құрылды. «Электр энергетикасы туралы» Заңға сәйкес компания 2006 жылғы 05 маусымда заңды тұлға ретінде тіркелген және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. Сол кезде заңнамаға сәйкес «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы қаласы мен Алматы облысы аймағының аумағында электр энергиясын кепілдік беруші мәртебесін алды.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қызметінің негізгі түрі электр энергиясының (қуатының) көтерме және бөлшек сауда нарықтарында оны кейіннен тұтынушыларға электр энергиясының бөлшек сауда нарығында сату арқылы электр энергиясын сатып алу болып табылады.

Энергия қызметтерін ұсыну нарығында өз жұмысының басынан бастап «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС компаниясы қызмет көрсету сапасын барлық жерде жақсарта отырып және азаматтардың қолайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайларды жасай отырып, өз қызметінде тұтынушылардың мүдделері мен сұраныстарына бағдарлануға ұмтылады.

2006 жылғы қарашадан бастап компания Алматы қаласы мен Алматы облысы аймағының 2,3 миллион тұрғынын және 22 мыңға жуық кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасыз ете отырып, нарық субъектілерінің тізіліміне енгізілді.

2007 жылы компания Алматы қаласында халықпен жұмыс жасау жөніндегі бөлімшелерді ашты.

2008 жылы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы облысындағы Қаскелең қаласында алғашқы бөлімшені ашты.

2008-2009 жылдар аралығында компания Алматы облысында жеті бөлімшені ашты: Ұзынағаш а., Есік қ., Кеген а., Шелек а., Қапшағай қ., Бақанас а., Талғар қ.

2009 жылдың сәуірінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС ISO сапа менеджменті жүйесінің халықаралық сәйкестік сертификатын алды.

2010 жылдың сәуірінде электр энергиясы қызметтерінің тұтынушыларына ыңғайлы болу үшін «АЛСЕКО» АҚ-мен бірлесіп «Электр энергиясын тұтынушының жеке кабинеті» әзірленді. Әзірлеме тұтынушыларға есептегіштердің көрсеткіштері, есептелген төлемдер мен келіп түскен төлемдер туралы қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік берді.

2010 жылғы 7 маусымда «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жаңа көп арналы Контакт- орталығын (+7-727-356-99-99, 399-99-00) таныстырды, оның мамандары жедел режимде тәулік бойы (тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн) тұтынушылардың қоңырауларына жауап береді. Сонымен қатар, арнайы дайындықтан өткен 30 оператор қала мен облыстың тұрғындарына барлық Алматы энергия кешенінің мәселелері бойынша кеңес бере бастады. Тұтынушылардың сұранымдары Контакт-орталығының құзыретінен тыс шыққан жағдайда, операторлар тұтынушыларға қажетті байланыс нөмірлерін ұсынады.

2011 жылы компания Алматы облысының халық тығыз қоныстаған елді мекендерінің бірі Шонжы қаласында тоғызыншы облыстық бөлімшені ашты.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі оныншы облыстық бөлімшесі 2013 жылы Өтеген Батыр кентінде ашылды.

2014 жылы IT-қауіпсіздік аудит жүйесі енгізілді. «Дербес деректерді қорғау туралы» Заңның талаптарын сақтау мақсатында «Алсеко» АҚ және басқа да коммуналдық қызмет көрсетушілермен бірге шот-түбіртектерді бүктеу жүйесі енгізілді, соның арқасында Алматы мен Алматы облысының тұрғындары конверт түрінде бүктелген және шеттері желімделген шот-түбіртектер ала бастады. Бұл дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етті.

2015 жылы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы қаласының жаңа Наурызбай ауданының абоненттеріне қызмет көрсетудің тиімділігі мен қолайлылығы үшін  №3 АЭЖБ аудандық бөлімшесін ашты. Бұрын жаңадан құрылған Наурызбай ауданының абоненттеріне №7 АЭЖБ Әуезов аудандық бөлімшесінде және Қаскелең АЭЖБ-де қызмет көрсетілген болатын.

2016 жылы Алматы қаласы мен Алматы облысында ЭКЕАЖ (электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі) жобасын іске асыру жөніндегі ауқымды бағдарлама басталды. Жобаны желілік компания және «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің электр энергиясын тұтынушыларға жеткізу бойынша негізгі серіктесі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (АЖК) жүзеге асырды.

2017 жылдан бастап электр энергиясының шоттарын электрондық пошта арқылы тарату сұранысқа ие.  

2018 жылғы наурызда «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС ресертификациялық аудиттен сәтті өтті және ISO 9001:2015 талаптарына сәйкес Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық сертификатын алды.

2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингі аясында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің корпоративтік сайты арқылы электрмен жабдықтау шарттарына электрондық қол қою жүйесі енгізілді.

2018 жылы Контакт-орталығы айтарлықтай жаңғыртылды, бұл сапаны жоғалтпай шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. Контакт-орталығының бағдарламалық қамтамасыз етуі және ақпараттық қызметті қолдау жөніндегі жабдығы қазіргі заманғы талаптарға жауап береді.

2018-2019 жылдары «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС «open space» ашық кеңістік қағидасы бойынша АЭЖБ-де тұтынушыларға қызмет көрсетудің жаңа форматын енгізді, бұл қағида бойынша тұтынушылармен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін бөлімшелерде қандай да бір кедергілер, соның ішінде қабырғалар болмауы қажет.

2019 жылы Жеке кабинеттің жетілдірілген нұсқасында электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарға пайдаланатын тұтынушыларға электр энергиясы жөніндегі мәселелерді шешу үшін өтінімдерді онлайн беру қызметі қол жетімді болды. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болған жағдайда онлайн-режимде келесі мәселелерді шешу ұсынылады: 1) тұрғындардың санын өзгерту; 2) тарифтік жоспарды өзгерту; 3) есепке алу құралын тексеру үшін қызметті шақыру; 4) есепке алу құралын пломбалау; 5) есепке алу құралының пломбасын алып тастау; 6) дербес шотты жабу. Абоненттер ЭЦҚ-сыз онлайн-режимде есепке алу құралының көрсеткіштерін жіберіп, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның (АЖК) қызметкерін есепке алу құралынан көрсеткіштерді жазып алу үшін шақыра алады. Аталған жаңалық тұтынушылардан келіп түсетін өтініштерді өңдеу процесін айтарлықтай жылдамдатты, өйткені «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС мен «АЖК» АҚ энергия желісі компаниясымен өзара іс-қимылының кейбір процестерін автоматтандырды.

2022 жылы Телеграм-бот жаңа онлайн қызметі іске қосылды, онда тұтынушылар дербес шот бойынша электр энергиясын өшіру себебі туралы біле алады.

Телеграм мобильді қосымшасындағы «Бот АлматыЭнергоСбыт» немесе «@AlmatyESBot» чат-боты онлайн режимде қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Телеграм-бот пайдаланушыларға электр энергиясын жоспарлы және авариялық өшірулер және дебиторлық қарыз үшін өшірулер бойынша ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

2023 жылдың қаңтарында Алматы облысы Райымбек ауданының Нарынқол ауылында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің он бірінші аудандық энергиямен жабдықтаушы бөлімшесі ашылды, оған Райымбек АЭЖБ (Нарынқол) атауы берілді.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің өткен жылдардағы қызметінің нәтижелерін бағалай отырып, компания өндірістік-қаржылық көрсеткіштердің тұрақты оң динамикасын көрсетеді деп сеніммен айтуға болады.

01.01.2023 бойынша қызметкерлердің саны - 542 адам.

Тарихы, сандар және фактілер Тарихы, сандар және фактілер
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY