Сізге қызықтыратын және жиі қойылатын сұрақтарға берілген жауаптармен танысуды ұсынамыз.
Тұтынушылардың түбіртектерде айырмашылықтың болуына қатысты сұраныстарының жиілеп кетуіне байланысты, келесідей түсіндірме береміз.
Тұтынушылар сараланған тариф бойынша төлем жүргізе отырып, қарыздың пайда болуына әкелетін тұтыну нормасының асып кетуін есепке алмайтын жағдайлар болады. Бірінші деңгейдегі тариф бойынша (1 кВт*сағ үшін 17,79 теңге ) электр энергиясын тұтыну шамасы бір тұратын адамға (Алматы қаласының электр плиталарын пайдаланбайтын тұрғындары үшін) 90 кВт*сағ.-қа дейін құрайды. Осы нормадан асып кеткені үшін тиісінше екінші (1 кВт*сағ үшін 23,00 теңге ) және үшінші деңгейдегі (1 кВт*сағ үшін 28,76 теңге) тарифтер бойынша төлем алынады. Тұтыну нормаларын мына жерден қараңыз (https://esalmaty.kz/ru/home-tariffs).
Тұтынушының көрсеткіштерді өз бетінше алу және түбіртекті дұрыс толтыру алгоритмі (және «өздігінен толтырылады» жолын толтыру) келесі:
1. ай сайын бір күнде электр энергиясын есептегіштің көрсеткіштерін түсіріп аласыз – (мысалы, айдың соңғы күні, 30 күні, 31 немесе 29, айға сәйкес);
2. түсіріп алынған көрсеткіштерден алдыңғы айдың көрсеткіштері алынады;
3. алынған электр энергиясының шығыны белгіленген тарифке көбейтіледі (1 кВт*с үшін орташа босату 19,17 теңге немесе тұтыну көлемі бойынша сараланған – тариф пен тұтыну нормаларын сайттан қараңыз);
4. Теңгеде алынған сома «Өздігінше толтырылады» жолындағы «Төлеймін» бағанына енгізіледі.
Тұтынушылардың назарын Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес:
«Егер электр энергиясын есептеу аспаптарының көрсеткіштерін жазып алу арасындағы нақты кезең күнтізбелік отыз күнге тең болмаса, электр энергиясын тұтыну шамаларының мөлшерін энергиямен жабдықтаушы ұйымы немесе тұтынушы нақты кезеңнің ұзақтығын ескере отырып түзетеді. Электр энергиясын тұтыну шамасының шегінде толық пайдаланылмаған электр энергиясы келесі айда пайдаланылмайтындығына» аудартамыз.
«АЖК» АҚ көрсеткіштердің алынуы» жолына қатысты: мәліметтер сіздің есепке алу құралыңыздан «АЖК» АҚ-мен алынған көрсеткіштерінің негізінде көрсетіледі, олар фотосуреттермен немесе ЭКЕАЖ-бен расталуы мүмкін.
Тұтынушы өз бетінше алынған көрсеткіштер бойынша төлей отырып, алынған көрсеткіштердің сәйкестігін бақылау үшін ғана «АЖК» АҚ көрсеткіштердің алынуы» басқа жолды пайдаланатынын білу МАҢЫЗДЫ. Егер осы жолда «алдын ала төлем» пайда болса, сәйкесінше сіз «АЖК» АҚ-ның көрсеткіштерінен кейін күнге төлем жүргіздіңіз.
Егер сізде бұл бағанда қарыз пайда болса, оның мынадай себептері болуы мүмкін:
1. Сараланған тариф бойынша белгілі бір нормалардан артық тұтынуды есепке алмайсыз және тұтынудың екінші және үшінші деңгейі бойынша дұрыс есеп жүргізбейсіз;
2. Есепке алу құралының техникалық жағдайы (тексеру үшін жақын жердегі бөлімшеге немесе Контакт-орталығына хабарласу қажет).
Алтын ереже: өз бетінше алынған көрсеткіштер бойынша төлей отырып, ай сайын есепке алу құралының көрсеткіштерін алып, тұтыну күндерінің саны мен тұратындардың санын есепке ала отырып, төлем сомасын есептеу қажет.
Өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы тиіс:
- жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі,
- жаңа үлгідегі мекенжай анықтамасы (тұратындардың санын көрсете отырып).
Қазіргі уақытта «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС құжаттарды электрондық түрде тапсыру мүмкіндігін әзірлеуде. Біздің сайттағы жаңалықтарды бақылаңыз.
Жеке кабинетте тіркелу ЭЦҚ көмегімен жүргізіледі.
Тұтынушылардың жаңартылған Жеке кабинеті аудандық бөлімшелерге барудың баламасы болып табылады.
Сіз онлайн режимде:
1. көрсеткіштерді бере аласыз;
2. төлем шотын ала аласыз;
3. ЭЦҚ көмегімен салыстыру актісіне және орындалған жұмыстар актісіне қол қоя аласыз;
4. төлем мерзімі туралы ескерту ала аласыз;
5. қарыз туралы хабарлама ала аласыз;
6. дебиторлық қарыз үшін алдағы өшірулер туралы ақпарат ала аласыз;
7. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің атына өтініш қалдыра аласыз.
Жеке кабинетпен жұмыс істеу бойынша бейне нұсқаулық https://esalmaty.kz/ru/i3398 сілтемесі бойынша орналасқан
Жеке кабинетте тіркелу ЭЦҚ көмегімен жүргізіледі.
Тұтынушылардың жаңартылған Жеке кабинеті аудандық бөлімшелерге барудың баламасы болып табылады.
Сіз онлайн режимде:
1. көрсеткіштерді бере аласыз;
2. төлем шотын ала аласыз;
3. ЭЦҚ көмегімен салыстыру актісіне және орындалған жұмыстар актісіне қол қоя аласыз;
4. төлем мерзімі туралы ескерту ала аласыз;
5. қарыз туралы хабарлама ала аласыз;
6. дебиторлық қарыз үшін алдағы өшірулер туралы ақпарат ала аласыз;
7. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің атына өтініш қалдыра аласыз.
Жеке кабинетпен жұмыс істеу бойынша бейне нұсқаулық https://esalmaty.kz/ru/i3398 сілтемесі бойынша орналасқан
Пәтер иелерінің кооперативтері үй тұрғындарынан «Тұрғын үйді күтіп ұстауға арналған шығыстар» бабы бойынша ПИК-пен жиналған қаражаты есебінен жасалған энергиямен жабдықтау шарттары негізінде кезекші жарықтандыруға (жалпы үй қажеттілігіне) ақы төлеуді жүзеге асырады.
Нормаланған көлем ТМРАД-мен және Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша әкімдіктермен келісілді.