Жылжымайтын мүлік объектісінің (көп пәтерлі үйде) меншік иесі туралы деректерге өзгерістер енгізу туралы өтінімді онлайн беру жөніндегі нұсқаулық

Назар аударыңыз (!):

  • бұл функционал электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланатын және пәтерлерде тұратын тұтынушы жеке тұлғаларға ғана арналған;
  • меншік иесін өзгертуге өтінім ЭЦҚ-мен куәландыру арқылы беріледі;
  • қарыз болған жағдайда, сіз осы сервисті пайдалана алмайсыз, себебі борыштың құқықтық мәртебесін анықтау қажет болады;
  • өтінімді орындау мерзімі өтінімді қабылдаған сәттен бастап 5 жұмыс күні.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС «Өтінім беру нысаны» бастапқы беті келесі түрге ие (1-сурет):

instukciya smena revizitov kaz1

Жылжымайтын мүлік объектісінің (көп пәтерлі үйде) меншік иесі туралы деректерге өзгерістер енгізуге арналған өтінім беру нысаны

Кілт тасымалдаушысының түрін таңдаңыз: Дербес компьютер   Жаңарту

Пәтер иесін ауыстыруға арналған өтінім беру жөніндегі нұсқаулық 

1-сурет. Бастапқы бет

Авторизация кілтін таңдау үшін «Кіру» батырмасын басып, аталған кілтті сақтау жолын таңдау қажет. 

Авторизация кілтін жүктеу кезінде кілттерді сақтау орнының құпиясөзін енгізуге арналған келесі нысан беріледі (2-сурет):

1 1

22-сурет. Кілттерді сақтау орнына құпиясөзді енгізу нысаны

«Ашу» батырмасын басқан кезде нысанның төменгі бөлігінде қарау үшін таңдалған кілттің деректері жүктеледі (3-сурет):

2 2

instukciya smena revizitov kaz193-сурет. Таңдалған кілт туралы ақпарат

«Жіберу» батырмасына басқан кезде «Өтінімдер» парақшасына кіру орындалады (4-сурет):

instukciya smena revizitov kaz20

4-сурет «Өтінімдер» парақшасы

Өтініммен жұмыс істеу қағидасы

Орындау тәртібі:

  1. «Өтінімді жасау» мәзірін таңдау;
  2. Жолдарды толтыру;
  3. Құжаттарды тіркеу;
  4. Өтінімге қол қою және жіберу немесе өтінімді шимайжазба ретінде сақтау.

Төменде өтінімнің қадамдық жасалуының сипаттамасы келтірілген.

  1. Өтінімді жасау.

Өтінімді жасау үшін «Өтінімді жасау» батырмасын басу қажет, одан кейін «Өтінімді жасау» парақшасының жүктелуі орындалатын болады (5-сурет).

  1. Жолдарды толтыру*.

Ашылған нысандағы жолдарды толтыру:

  • Дербес шот;
  • Алдыңғы иесінің ТАӘ;
  • Алдыңғы иесінің ЖСН;
  • Мекенжайы;
  • Жаңа иесінің ұялы телефоны;
  • Бар болған жағдайда үй телефоны;
  • Тұратындар саны. Назар аударыңыз (!) осы тармақтағы ақпарат сәйкес болуы тиіс:

*Назар аударыңыз: барлық жолдар тіркелген құжаттарға сәйкес дұрыс толтырылуы тиіс, соның ішінде тұратындар саны.

instukciya smena revizitov kaz21

5-сурет. «Өтінімді жасау» парақшасы

Электрмен жабдықтау шартының акцептісі туралы өтініш беру үшін келесі жолдарды толтыру қажет (6-сурет):

  • E-mail;
  • Ұялы нөмір
  • Мультимедиялық хабарлама үшін ұялы нөмір
  • Мессенджерлер үшін ұялы нөмір
  • Пошталық мекенжайы

instukciya smena revizitov kaz4

6-сурет. Шарттың акцептісі туралы өтініш беруге арналған жолдар

Назар аударыңыз:

  • «Қызыл жұлдызша» белгісі бар жолдар толтыруға міндетті болып табылады.
  • Жаңа иесінің ТАӘ және ЖСН ЭЦҚ-дағы иенің ЖСН мен ТАӘ әдепкі қалпы бойынша көрсетіледі.

«Дербес деректерді өңдеуге келісемін» чек-боксын таңдау

Өтінім бойынша ақпаратты толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасына басу керек (7-сурет):

6 1

7-сурет. «Дербес деректерді өңдеуге келісемін» чек-боксы және «Сақтау» батырмасы

  1. Құжаттарды тіркеу.

Келесі құжаттарды тіркеу қажет:

  1. ЖСН бар жеке куәліктің көшірмесі (міндетті құжат);
  2. Жылжымайтын мүліктің болуы туралы анықтама (міндетті құжат).

Сараланған тариф бойынша электр энергиясы үшін төлемді таңдаған жағдайда:

  1. egov.kz-тегі Жеке кабинетте жылжымайтын мүлікте тұратындардың/тіркелгендердің санын растауы бар экранның скриншоты (Жеке кабинеттің жоғарғы бөлігінде).

Назар аударыңыз, бастапқыда осы құжатты алу үшін тұрғын үй иесі eGov.kz порталына кіру қажет, одан кейін «Қызметтер» функциясын таңдап, одан әрі «Азаматтық, Миграция және Иммиграция» объектісін ашып, көрсетілген тізімнен «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» (шеткі оң жақ колонкада) таңдау керек. Нәтижесінде сіз жоғарғы оң жақ бұрышында «Онлайн сұрау» функциясын таңдау қажеттігі көрсетілген келесі бетке көшесіз. Электрондық-цифрлық қолтаңбаның көмегімен сұрау салуды растайсыз. Келесі қадам «облыс» пен «мекенжайды» таңдау болады. Нәтижесінде таңдалған жылжымайтын мүлік объектісі бойынша «Тіркелген жеке тұлғалардың» тізімі қоса берілетін мекенжай анықтамасын аласыз. Таңдалған жылжымайтын мүлік объектісі бойынша «Тіркелген жеке тұлғалардың» тізімі көрсетілетін Жеке кабинет терезесінің скриншотын қоса беру жеткілікті.

Бұдан әрі «Тіркелген тұлғалар» деректері бар скриншотты дұрыс қалыптастыру үшін қадамдық нұсқаулық қоса беріледі:

А) eGov.kz порталына кіру және «Қызметтер» функциясын таңдау.

 instukciya smena revizitov kaz6

Б) «Азаматтық, Миграция және Иммиграция» терезесін ашып, әрі қарай «ҚР халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» функциясын таңдау керек.

instukciya smena revizitov kaz7

В) жоғарғы оң жақ бұрышында «Онлайн сұрау» сілтемесін таңдау керек.

instukciya smena revizitov kaz8

Г) келесі қадам ЭЦҚ көмегімен порталға кіру.

instukciya smena revizitov kaz9

Д) «Облысты», әрі қарай «Мекенжайды» таңдау керек.

instukciya smena revizitov kaz10

Е) «Тіркелген тұлғалардың» тізімі қалыптастырылады.

instukciya smena revizitov kaz11

Экраннан скриншот жасау үшін «prt sc» пернесін басып, жаңа ашық Word файлына кірістіру керек. Тұратын адамдардың санын растайтын файлды сақтау қажет. Егер электр энергиясына ақы төлеу үшін тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтер пайдаланылса, осы құжатты тұтынушы тіркейтіні туралы еске саламыз.

Құжаттарды тіркеу үшін «Іс-әрекет» жолындағы «Жүктеу» батырмасын басу керек (8-сурет):

instukciya smena revizitov kaz12

8-сурет. «Жүктеу» іс-әрекеті

8

9-сурет. Жүктеу үшін файлды таңдау

Нысанның төменгі бөлігінде тіркелетін құжаттардың рұқсат етілген мөлшері мен пішімі туралы ақпарат көрсетіледі (9-сурет).

«Өтінімдерді қарау» мәзірінде келесі ақпарат көрсетіледі:

  • Өтінімнің жағдайы;
  • Өзгерістер тарихы;
  • Өтінім бойынша құжаттар – өтінім бойынша құжаттарды қарау үшін «Өтініштерді қарау» және «Акцептіні қарау» батырмасына басу керек (10-сурет):

10

10-сурет. Өтінім шимайжазбасы

«Электрмен жабдықтау шартының акцепті туралы өтініштің» үлгісі (11-сурет):

 instukciya smena revizitov kaz22

11-сурет. Электрмен жабдықтау шартының акцепті туралы өтініштің үлгісі

Іс-әрекеттер:

  • Өтінімді жою;
  • Өтінімді өзгерту;
  • Құжаттарды тіркеу;
  • Қол қою және жіберу.

4.1 «Өтінімді жою» іс-әрекеті

«Өтінімді жою» іс-әрекетінде «Шимайжазба» мәртебесі бар өтінімді ғана жою мүмкіндігі берілген. Өтінімді жою кезінде ақпараттық хабарлама шығады (12-сурет):

12

12-сурет. Ақпараттық хабарлама

4.2 «Өтінімді өзгерту» іс-әрекеті

«Өтінімді өзгерту» іс-әрекетінде өтінімнің шимайжазбасына өзгерістер енгізу мүмкіндігі берілген (13-сурет):

13

13-суретӨтінімді өзгерту» іс-әрекеті

Өзгертулерді сақтаусыз өтінімдер тізіміне оралу мүмкіндігі қарастырылған (13-сурет).

4.3 Құжаттарды тіркеу» іс-әрекеті

«Құжаттарды тіркеу» іс-әрекетінде құжаттарды тіркеу мүмкіндігі қарастырылған.

4.4 «Қол қою және жіберу» іс-әрекеті

Осы парақшада ЭЦҚ-ны жүктеу үшін «Қол қою» батырмасын басу қажет (14-сурет). 

ЭЦҚ-ны сақтау жолын таңдау, кілттерді сақтау орнының құпиясөзін енгізу.

14

14-сурет. «Қол қою және жіберу» іс-әрекеті

Өтінімге қол қойылғаннан кейін өтінімнің жағдайы «Қарастырылуда» болып өзгереді (15-сурет):

15

15-сурет. Өтінімнің жағдайы

Тұтынушы өтінімге қол қойғаннан кейін, тұтынушыға treatyonline@esalmaty.kz поштасынан электрондық пошта арқылы өтінімнің сәтті жіберілгені туралы хабарлама келеді (16-сурет):

16

16-сурет. Өтінімді сәтті жіберу туралы хабарлама

Тұтынушыға өтінім мәртебесінің кез келген өзгерісі туралы хабарлама электрондық пошта арқылы жіберіледі (17-сурет):

17

17-сурет. Өтінім мәртебесінің өзгеруі туралы хабарлама

Жасалған өтінім «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қызметкерлерінің қарауына келіп түседі.

Жақсылықта жолығайық!

Жылжымайтын мүлік объектісінің (көп пәтерлі үйде) меншік иесі туралы деректерге өзгерістер енгізу туралы өтінімді онлайн беру жөніндегі нұсқаулық Жылжымайтын мүлік объектісінің (көп пәтерлі үйде) меншік иесі туралы деректерге өзгерістер енгізу туралы өтінімді онлайн беру жөніндегі нұсқаулық
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY