«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ филиалы - «Энергосбыт» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 01 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес 2026 жылғы 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізіле отырып, Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін электр энергиясының шекті бағасының жобасын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің келісуіне ұсынғаны туралы хабарлайды.
Себептері:
- 2026 жылғы 1 сәуірден бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ желілері бойынша электр энергиясын беру тарифінің 5,41-ден 6,47 теңге/кВтсағ. дейін, 20%-ға өсуі (ҚР ҰЭМ ТМРК-нің 12.11.2025 жылғы №96-НҚ бұйрығымен бекітілген);
- 2026 жылғы 1 сәуірден бастап «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС желілері бойынша электр энергиясын беру тарифінің 3,02-ден 3,55 теңге/кВтсағ. дейін, 18%-ға өсуі (ҚР ҰЭМ Алматы қаласы бойынша ТМРКД-нің 13.11.2025 жылғы №135-НҚ бұйрығымен бекітілген);
- 2026 жылғы 1 сәуірден бастап «KEGOC» АҚ ұлттық электр желісін пайдалану қызметі тарифінің 2,860-тен 2,892 теңге/кВтсағ. дейін, 1%-ға өсуі (ҚР ҰЭМ ТМРК-нің 27.03.2025 жылғы №36-НҚ бұйрығымен бекітілген) және 2026 жылғы 1 мамырдан бастап 2,892-ден 3,216 теңге/кВтсағ. дейін, 11%-ға өсуіне (ҚР ҰЭМ ТМРК-нің 24.04.2026 жылғы №76-НҚ бұйрығымен бекітілген);
- 2026 жылғы 1 сәуірден бастап «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өңірлік деңгейдегі электр желілері арқылы электр энергиясын беру қызметі тарифінің 13,65 теңге/кВтсағаттан 15,42 теңге/кВтсағатқа дейін, 13%-ға өсуі (ҚР ҰЭМ Алматы қаласы бойынша ТМРКД-нің 20.03.2026 жылғы №51-НҚ бұйрығымен бекітілген);
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «ЖЭК жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС көтерме сауда нарығы субъектілеріне көрсететін электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету қызметі бағасының 1 439 381-ден айына 1 560 850 теңге/МВт дейін, 8%-ға өсуі.
5 маусымнан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2026 жылға арналған электр энергиясының шекті бағасын көтеру жобасы ҚҚС есебінсіз 37,29 теңге/кВтсағ. құрайды.
Шекті тариф деңгейінің осы жобасы түпкілікті болып табылмайды.
Шекті тарифтің келісілген деңгейі ҚР ҰЭМ Алматы қаласы бойынша ТМРКД тарапынан сараптама жүргізілгеннен кейін жарияланатын болады.
Электр энергиясына тұтынушылар топтары мен тұтыну нормалары бойынша сараланған тарифтердің жобасы
ҚҚС-сыз теңге/кВтсағ.
|
Сараланған тарифтердің деңгейлері |
2026 жылғы 5 маусымнан бастап тарифтердің жобасы |
|
Шекті баға: |
37,29 |
|
тұтыну нормалары бойынша (ҚҚС-сыз теңге/кВтсағ.): |
|
|
- 1-деңгей |
28,01 |
|
- 2-деңгей |
37,13 |
|
- 3-деңгей |
46,41 |
|
тұтынушылардың келесі санаттары үшін (ҚҚС-сыз теңге/кВтсағ.): 1-топ: электр энергиясын өздерінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар (тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді пайдаланбайтын) |
30,94 |
|
2-топ: электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарынан тыс пайдаланатын тұтынушылар |
37,29 |
|
3-топ: мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар |
88,25 |
|
- арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында орналасқан тұтынушылар; - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдар және оның ведомстволары; - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер |
37,29 |
Қосымша ақпарат алу үшін 8/727/3560401, 8/727/3560446 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.
Telegram