Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғаларды ««Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» электр энергиясымен жабдықтау қызметіне бағаның алдағы уақытта көтерілетіні туралы хабарламаны талқылау бойынша жария тыңдауларға шақырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу Қағидаларының 18-тармағына сәйкес, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы -«ЭнергоСбыт» жария тыңдаулары 2025 жылғы 15 қыркүйектегі сағат 11:00-де Алматы қаласы, Қожамқұлов көшесі, 170 А ғимараты мекенжайы бойынша және Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында (@dkrem.almaty) тікелей трансляцияланумен өтеді.
Департамент депутаттарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға шақырады.
Байланыс телефондары:
- Департамент - 8 (727) 279-51-05,
- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы -«ЭнергоСбыт» - 8 (727) 356-04-05.
Telegram