Бүгін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры лауазымына бұған дейін 3-ші және 7-ші қалалық АЭЖБ-ні басқарған Жеңісбек Карлұлы Жолдасов тағайындалды. Жеңісбек Карлұлының энергетикада 28 жылдық тәжірибесі бар, оның ішінде 8 жыл «АлматыЭнергоСбыт» компаниясының әр түрлі қалалық аудандық бөлімшелерін басқарып, жұмыс атқарды. Жеңісбек Карлұлының басшылығымен өткізу қызметін жақсартуда және тұтынушылардың қарызын азайтуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Жаңа лауазымда ол жинақталған тәжірибе мен саланың ерекшеліктері туралы терең білімді пайдалана отырып, дебиторлық қарызды төмендету бойынша тиімді жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.