Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғаларды «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның электр энергиясымен жабдықтау қызметіне бағаның алдағы уақытта өзгеруі туралы хабарламаны талқылау бойынша жария тыңдауларға шақырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу Қағидаларының 18-тармағына сәйкес, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның жария тыңдаулары 2024 жылғы 29 тамыздағы сағат 11:00-де Алматы қаласы, Қожамқұлов көшесі, 170 А ғимараты мекенжайы бойынша және Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында (@dkrem.almaty) тікелей трансляцияланумен өтеді.
Департамент депутаттарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға шақырады.
Жария тыңдауларға Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы қосылу үшін сілтеме:https://www.facebook.com/profile.php?id=100056525653802 https://m.facebook.com/dkrem.almaty/ .
Байланыс телефондары:
Департамент - 8 (727) 279-51-05,
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС - 8 (727) 356-04-05.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/region-news/details/20629?lang=kk