(!) Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап лицензиялары тоқтатылған реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың (РЭЖҰ) тұтынушыларының назарына
ЖАҒДАЙ:
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап РЭЖҰ лицензияларының әрекеті тоқтатылды. Осы ұйымдардың тұтынушылары электрмен жабдықтауды тоқтату тәуекелдерін азайту мақсатында алдағы уақытта жүргізілетін іс-қимылдарға қатысты түсініктеме алу үшін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ға жүгінуде.
МАҢЫЗДЫ МӘЛІМДЕМЕ:
РЭЖҰ тұтынушылары электрмен жабдықтаусыз қалмайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес энергиямен жабдықтаудың тоқтатылуы тұтынушының кінәсінен болмаған жағдайда, электрмен жабдықтаудың үздіксіздігін электр энергиясын кепілді жеткізуші қамтамасыз етуге міндетті. Алматы өңірінде мұндай ұйым «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС болып табылады. РЭЖҰ тұтынушыларының «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-мен шарттарды қайта жасасуға отыз күндік мерзім көзделген (ҚР Азаматтық кодексінің 402-бабына сәйкес).
ТҮСІНІКТЕМЕ:
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясын кепілді жеткізушісі болып табылады, өйткені ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.02.2017 жылғы №36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес белгіленетін тарифтер бойынша тұтынушылармен есеп айырысуды жүргізеді, сондай-ақ Алматы өңірінің 900 мыңнан астам тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтауды жүзеге асырады.
Электр энергиясын тұрақты түрде беруді тікелей «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ энергия беруші ұйымы қамтамасыз етеді, ол электр энергиясын өшіруді энергия өткізу компаниясының өтінімдері бойынша қарыз немесе желілерді жөндеу жағдайларында жүргізеді. РЭЖҰ тұтынушыларында қарыздың қалыптаспауы үшін шарттарды қайта жасасып, тұтынылған электр энергиясы үшін уақытылы төлем жүргізу қажет.
ШЕШІМ:
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясын кепілді жеткізушісімен электрмен жабдықтау шарттарын қайта жасасу үшін:
1) Электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш нысанын толтырып, оған қол қою керек (нысанды https://www.esalmaty.kz/kz/business-agreement/20240404-101500 сілтемесі бойынша жүктеуге болады);
2) ұйымның құқық белгілейтін құжаттарының топтамасы мен электрмен жабдықтау объектісінің техникалық құжаттамасын дайындау;
3) жақын жерде орналасқан АлматыЭнергоСбыт аудандық бөлімшесінің инженеріне немесе «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызмет көрсететін бөлімшесіне жүгіну қажет.
АЭЖБ тізімін келесі сілтеме бойынша қарауыңызға болады: https://www.esalmaty.kz/ru/contact/contact-center.
ҰСЫНЫС:
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС сайтында барлық қызметтер цифрландырылған және электрондық құжат айналымы www.esalmaty.kz сайтындағы Жеке кабинетте тіркелу арқылы қарастырылған. Жеке кабинетте аккаунтты тіркеу ұйымның БСН/ЖСН-не байланысты екендігіне және әрбір электрмен жабдықтау объектісі бойынша қолданыстағы барлық шарттар бір аккаунтта қолжетімді болатынына назар аударамыз.
Заңды тұлғалар мен ЖК комиссиясыз Halyk Kazakhstan банктік мобильдік қосымшасы арқылы жеке тұлғаның картасымен заңды тұлғаның пайдасына төлем жасай алады («Төлемдер» бөлімінде «АлматыЭнергоСбыт» қызметтер жеткізушісін таңдау немесе заңды тұлғаларға арналған Online Halyk мобильді қосымшасы арқылы).
ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУДІҢ ЖЕДЕЛ АРНАЛАРЫ:
Кері байланыс:
- esalmaty.kz сайтындағы Кері байланыс форматы;
- office@esalmaty.kz email;
- Жеке кабинеттегі есеп айырысу тобының инженерімен байланысуға арналған функция;
- 356-99-99 телефоны бойынша байланыс орталығы;
- Instagram (https://www.instagram.com/esalmaty_kz/), Facebook (https://www.facebook.com/esalmaty.kz), Telegram (https://t.me/ESAlmaty_official) арналары арқылы жүзеге асырылады.
Сіздің АлматыЭнергоСбыт