Энергетик күнімен!
Сізді кәсіби мереке – Энергетик күнімен құттықтаймын!
Энергетика экономиканың дамуында жетекші рөл атқарады, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандардың тұрақты жұмысын, миллиондаған тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен күнделікті адал еңбегіңіз Қазақстан энергетикасын табысты дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады!
Сізге кәсіби жетістіктер тілей отырып, алға қойған мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспін!
Сізге және жақындарыңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық мен бақ-береке тілеймін!
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС
Бас директоры
Е. Копенов