Сәтқалиев БЖЗҚ-дан энергетикалық нысандарды жаңғыртуға

1,5 трлн теңге бөлінетіні туралы ақпаратқа пікір білдірді

Nur.kz ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мәжіліс кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев үкіметтің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан энергетикалық нысандарды жаңғыртуға 1,5 трлн теңге бөлу туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер бірқатар БАҚ-та "Бәйтерек" ұлттық холдингі Энергетика министрлігіне хат жолдағаны туралы ақпарат тарағанын атап өтті. Хатта үкімет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 1,5 триллион теңге көлемінде қаржы бөлуді қолдайтыны жазылған.

Бұл ақша болжам бойынша энергетикалық нысандарды жаңғыртуға, сондай-ақ жаңа электр станциялары мен су электр станцияларын салуға жұмсалуы мүмкін. Журналистер Алмасадам Сәтқалиевтен бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіруін сұрады.

"Қаражаттың орнын толтыру үшін әжептеуір мерзім бар – шамамен 10-15 жыл. Бірақ дәл қазір біз несие түріндегі инвестициялар туралы айтып отырмыз. Яғни болжам бойынша бұл облигациялық несиелер не тікелей несиелер болуы мүмкін. Мен әзірге механизмін білмеймін.

Мен бұл компаниялар облигация шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындай алады деп ойлаймын. Яғни зейнетақы салымшылары үшін, әсіресе көбіне зейнетақы жүйесін пайдаланушылар үшін тәуекелдер аз", – деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Ақпарат  көзі:  https://kaz.nur.kz/society/2046933-satqaliev-bzzq-dan-energetikalyq-nysandardy-zangyrtuga-15-trln-tenge-bolinetini-turaly-aqparatqa-pikir-bildirdi/

Сәтқалиев БЖЗҚ-дан энергетикалық нысандарды жаңғыртуға 1,5 трлн теңге бөлінетіні туралы ақпаратқа пікір білдірді Сәтқалиев БЖЗҚ-дан энергетикалық нысандарды жаңғыртуға 1,5 трлн теңге бөлінетіні туралы ақпаратқа пікір білдірді
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Электрондық

түбіртекке жазылу

Кері

байланыс

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар

Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы
Telegram