Электрондық шот-түбіртекті қалай алуға болады?
Коммуналдық қызметтердің тұтынушылары "АЛСЕКО" АҚ басып шығаратын шот-түбіртектерді "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-нің www.esalmaty.kz сайтындағы шот-түбіртектерді электрондық тарату қызметіне жазыла отырып, оларды e-mail арқылы ала алады. Коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шот-түбіртектерді электрондық пошта арқылы алу дәстүрлі түрдегі поштамен жеткізуге қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие.
Электрондық пошта арқылы шот-түбіртектерді алу үшін "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-нің www.esalmaty.kz сайтында "Жеке тұлғаларға", "Тұтынушының анықтамалығы" және "Электрондық түбіртекке жазылуды" таңдауыңыз қажет. Әрі қарай бос ұяшықтарды толтырып, pdf форматында жеке куәлік пен жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы тіркеу керек.
Назар аударыңыз! Электрондық тарату қызметіне жазылған жағдайда, қағаз түріндегі түбіртектер жеткізілмейді. Егер коммуналдық қызметтерді тұтынушы қатарынан екі ай ішінде өзінің электрондық мекенжайына жіберілген шот-түбіртектер бойынша осы қызметтердің төлемін жүргізбесе, "АЛСЕКО" АҚ шот-түбіртектерді электрондық пошта арқылы жеткізуді тоқтатады және оларды дәстүрлі тәсіл арқылы қағаз түрінде жеткізуді қайта бастайды.