Заңды тұлғаларға мобильді қосымша арқылы электр энергиясының ақысын төлеудің жаңа тәсілі қолжетімді
Біз қызметтерімізге төлем жүргізу тәсілдерінің ұлғайғандығы туралы хабарлауға қуаныштымыз:
2023 жылдың қыркүйегінен бастап біз электр энергиясының төлемін жүргізудің жаңа тәсілін енгіздік.
Енді Halyk Bank мобильді қосымшасында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС шоттары бойынша төлем жүргізу қызметі қолжетімді.
Бұл жаңалық біздің клиенттерімізге жаңа мүмкіндіктерді ашады. Енді сіз банктің мобильді қосымшасындағы төлем алушылар тізіміне бізді қосу арқылы қызметтеріміздің ақысын оңай әрі ыңғайлы түрде төлей аласыз.
Біз төлем процесінің жақсаруы тұтынушыларымыз үшін әлдеқайда ыңғайлы және қолжетімді болатынына сенімдіміз. Біз әрдайым қызметтеріміздің сапасын арттыруға ұмтыламыз және оларды жақсарту үшін үнемі жұмыс атқарудамыз.
Төлем жасау үшін Halyk Bank қосымшасын жүктеп, шарт нөмірін және ЖСН/БСН енгізу қажет.
Тұтынушылар үшін комиссия 0 теңге.
Онлайн-қызметке өтуге арналған QR-код.