«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің жаңа Райымбек АЭЖБ (Нарынқол) аудандық энергиямен жабдықтаушы бөлімшесінің ашылуы
2023 жылдың 9 қаңтарында Райымбек ауданының әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің жаңа аудандық энергиямен жабдықтаушы бөлімшесінің ресми ашылуы өтті. Ашылу салтанатына «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС басшылығы, Райымбек ауданының әкімі Дүйсенбаев Б.Ф., мәслихат хатшысы Арипова Г., ауылдық округ әкімі Шенебеков А., ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бірбаев Б., сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары, ардагерлер, әріптестер мен қонақтар қатысты.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес 2018 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен əкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, əкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы əкімшілік-аумақтық бірліктерін құру қаулы етілді.
Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің Нарынқол ауылында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС филиалын ашу туралы өтінішіне, Алматы облысы Райымбек ауданындағы Нарынқол ауылы жаңа әкімшілік орталықтың құрылуына байланысты Нарынқол ауылында тұтынушыларға қызмет көрсетудің қолжетімділігі үшін жаңа аудандық энергиямен жабдықтаушы бөлімшесін ашу қажеттілігі туындады және оған Райымбек АЭЖБ (Нарынқол) атауы берілді.
Алдағы уақытта «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тұтынушылар үшін Райымбек АЭЖБ-нің (Нарынқол) меншікті ғимаратын салуды жоспарлап отыр.
Жұмыс сапасын жақсарту және тұтынушыларға қызмет көрсету мәдениетін арттыру мақсатында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің Алматы қаласында – 7, Алматы облысында – 11 аудандық энергиямен жабдықтаушы бөлімшелері (АЭЖБ) жұмыс істеуде.
Қазіргі таңда Алматы облысының Райымбек ауданында 7000-ға жуық тұрғын тұрады және 280 заңды тұлға тіркелген.
Тұрмыстық және заңды тұтынушылар АЭЖБ-ге электр энергиясы мәселелері бойынша қызметтердің көрсетілуі, шот төлемдерін салыстыру мәселелері бойынша жүгіне алады, сондай-ақ көрсеткіштерді қабылдау, есеп айырысу және заңды тұлғаларға шоттарды беру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, тұтынушылардың өтініштері мен шағымдары қарастырылып, заңгерден электрмен жабдықтау мәселелері бойынша кеңес алуға болады.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясын сенімді жеткізуші ретінде халықтың игілігі үшін жұмыс істейді!