«ЖАС ҚУАТ» КӘСІПОДАҒЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ЭНЕРГЕТИК КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ
26 желтоқсанда Энергетик күніне орай Алматы қаласының Кәсіподақ орталығында 2022 жылдың қорытындысы бойынша Алматы өңірінің энергетикалық компанияларының үздік қызметкерлеріне марапаттарды табыстау салтанатты рәсімі өтті, оған «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт», «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ және «У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ қызметкерлерінің өкілдері қатысты.
Марапаттарды «Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Бекбас Оразбек Телбайұлы табыстады.
Жиналғандарға арнаған сөзінде Оразбек Телбайұлы энергетикалық компаниялардың қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, еңбекқорлығы мен жұмысқа жауапкершілікпен қарағаны, кәсіподақ өміріне белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» қызметкерлері келесі марапаттарға ие болды:
- Қазэнергокәсіподақтың «Құрмет белгісі» медалі
Копенов Едил Кудайбергенович – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» бас директоры;
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Еңбек сіңірген энергетик» - «Заслуженный энергетик» атағы
Шегераева Роза Акыновна – Алматы облыстық жабдықтаушы департаменті Райымбек аудандық бөлімшесінің 2 санатты инженері;
- «ҚЭҚ құрметті энергетигі» атағы
Акимгалиев Нуржан Акимгалиевич – құқықтық сүйемелдеу және әдіснама бөлімінің бас заңгер кеңесшісі, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» қызметкерлерінің «Жас Қуат» жергілікті кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
- Қазэнергокәсіподақтың «Құрмет белгісі» медалі
Акиншина Ирина Владимировна – Алматы қалалық жабдықтаушы департаменті №7 аудандық бөлімшеcінің 2 санатты операторы;
- Қазэнергокәсіподақтың «Құрмет грамотасы»
Мурзабаева Баян Туркменбаевна – қашықтықтан қызмет көрсету департаментінің бас менеджері.
Telegram