2022 жылғы 22 қазанда Самұрық-Қазына қоры компаниялар тобының 35 жасқа дейінгі барлық жас мамандары үшін өзін-өзі дамыту челленджі басталды.
Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы белсенді және ынталы жастарды, болашақ әлеуетті көшбасшыларды анықтау мақсатында жасалады.
Челлендж ең үздіктерді анықтау үшін бірнеше кезеңнен тұрады.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның 77 компаниясының ішінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің жас мамандары қуана қатысты.
Челлендждің 1-турының тұжырымдамасы дамудың үш – физикалық, эмоциялық және интеллектуалды бағыттары бойынша жеке тапсырмаларды орындауды қамтыды.
Челлендждің екінші турына қор тобының жастар құрамының 178 жас маманы, оның ішінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің 5 қызметкері өтті: Чингиз Жуйриков (қашықтықтан қызмет көрсету департаментінің директоры), Зарина Оксыкпаева (бухгалтерлік және салық есебі департаментінің бас маманы), Баян Айдарбаева (бухгалтерлік және салық есебі департаментінің жетекші маманы), Гулманат Жұман (№3 аудандық энергиямен жабдықтаушы бөлімшесінің операторы), Камила Мальгиждарова (№3 аудандық энергиямен жабдықтаушы бөлімшесінің операторы).
Түркістан қаласындағы "Самұрық - Қазына" ҰӘҚ АҚ қолдауымен 4 күн бойы жас мамандар өзін-өзі дамыту, көшбасшылық қасиеттерін көрсету және дамыту, ұйымшылдық, әлеуетті анықтау бойынша ойындар түрінде тренинг өтті.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС басшылығы қызметкерлерімізге сәттілік тілейді және келесі турға өтеді деп үміттенеді.