«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» стратегиялық даму жөніндегі бас сарапшысы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Республика күні қарсаңында KAZENERGY қауымдастығының алаңында саланың өндірістік және әлеуметтік жетістіктеріне еңбек сіңірген мұнай-газ өндіруші және энергетикалық компаниялардың қызметкерлеріне құрмет көрсету салтанатты рәсімі өтті.
«KAZENERGY» қауымдастығының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ мұнайшылар мен энергетиктердің алған жоғары мемлекеттік наградалар Қазақстан экономикасының қалыптасуы мен дамуындағы энергетика секторының жетекші рөлін мойындағанын атап өтті.
Экономиканың қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» стратегиялық даму жөніндегі бас сарапшысы Гамбургер Михаил Геннадьевич марапатталды.
Михаил Геннадьевич 50 жылдық жұмыс өтілі ішінде Қазақ Энергетика ҒЗИ-да коллектор, Алма-Ата ГРЭСстрой-да электр монтаждаушы, «Электросредазмонтаж» трестінің шебері, аға прорабы, «Катэп Иртыш» АҚ-да инженер, Екібастұз филиалының бастығы болып жұмыс істеді. 1997 жылдан 2006 жылға дейін – «KEGOC» АҚ сату департаментінің бас маманы, директорының орынбасары болып қызмет атқарды.
2006 жылдың қазанынан бастап жаңадан құрылған «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2008 жылдың қазанынан 2015 жылға дейін – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» бас директоры.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» ұжымы Михаил Геннадьевичті құттықтайды және жұмысында табыс, барлық ойластырылған жобалардың жүзеге асуын, амандық, зор денсаулық пен сәттілік тілейді!
Telegram