
«Самұрық-Қазына» Қоры Басқармасының шешімімен Серік Сүйінбекұлы Түйтебаев «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
Түйтебаев Серік Сүйінбекұлы 1958 жылы 27 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді.
Алматы энергетика институтын «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша және Алматы энергетика және байланыс институтын «Инженер-жылу энергетигі» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1981 жылы «ОртаАзЭнергоМонтаж» іске қосу және ретке келтіруді басқару шеберінің көмекшісі қызметінен бастады.
1983-1984 жылдары Алматы Энергетикалық университетінің еңбекті және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының инженері.
1984-1998 жылдары – АЖЭО-2 турбиналық цехінің турбиналық жабдығы бойынша аралап өтуші машинисті, турбиналық цехінің турбиналық бөлімшесінің аға машинисті, турбиналық цехінің ауысым бастығы, турбиналық цехінің бастығы, «Алматы Пауэр Консолидэйтед» АҚ-ның бас инженері, басқарушы директоры.
2007-2010 жылдары – «Алматы электр станциялары» АҚ-ның басқарушы директоры, №2 ЖЭО.
2010-2011 жылдары – «Алматы электр станциялары» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2011-2013 жылдары – Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы.
2013-2014 жылдары – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары.
2014 жылдан 2016 жылға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация» дивизионының басқарушысы қызметін атқарды.
2016 жылдан 2022 жылға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры болды.
2022 жылдың маусымынан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарды.