Корпоративтік мәдениетті қолдау, дамыту және нығайту мақсатында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ-ның барлық жобаларына қатысуға ұмтылады.
Жыл сайын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында Спартакиада өткізеді. Іс-шара «Жас Самұрық» Қорының Қазақстан жастарын қолдауға және дамытуға бағытталған жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Биыл VII Спартакиада II кезеңде өтеді:
1 кезең: Алматы, Ақтау, Павлодар, Щучинск қалаларында өтетін аумақтық іріктеу жарыстары;
2 кезең: супер финал – Нұр-Сұлтан қаласында.
Алматы қаласында аумақтық іріктеу жарыстарын өткізу мерзімі 2022 жылғы 19-21 тамыз аралығында өтеді.
2022 жылдың 21 шілдесінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Спартакиадаға қатысуға дайындықты бастады. Жиын өтіп, VII Спартакиадаға қатысушылардың тізімі бекітілді.
Компания қызметкерлері мәлімделген 8 спорт түрінің 7-не қатысады: шағын футбол, волейбол, стритбол, армрестлинг, үстел теннисі, шахмат, арқан тартыс.
Спартакиадаға қатысушыларды дайындау аясында алғашқы жаттығу іс-шаралары басталды.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС басшылығы спортшыларға сәттілік тілеп, супер финалға шығады деп үміттенеді.