Алина Нурлиева, 35 жас
Энергетика саласында 8 жылдан бері қызмет етіп келемін, жалпы жұмыс тәжірбием 14 жылды құрайды. Еңбек қызметімді акционерлік қоғамда Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы, менеджер ретінде бастағанмын, ал қазір «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-да бас бухгалтердің орынбасары қызметінде жалғастырудамын, білімім – жоғары (Ресей Федерациясы, Волгоград мемлекеттік университеті, Аймақтық экономиканы басқару факультеті, «Экономист-менеджер» мамандығы).
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-дағы қызметімді активтерді басқару бөлімінде бастағанмын, сонымен қатар ішкі аудит және бюджетті жоспарлау қызметі мен экономикалық талдау тобында жұмыс жасадым.
2015 жылдың қыркүйегінен бастап «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның бас бухгалтердің орынбасары қызметіне көтерілдім.
Мен экономист ретіндегі өз мамандығымды Ресейде оқыдым және әрқашан мүмкіндігінше көбірек білім алуға және оны тәжірибеде қолдануға тырысатынмын. Мансабын есепшіден бастап, кейіннен өзі көп жылдар бойы басқарған әскери банктің басшысына дейін көтерілген атам – мен өзім үлгі тұтатын өмірімдегі негізгі тұлға. Жалпы менің отбасымның барлық мүшесі банк және қаржы салаларында жұмыс жасаған, сондықтан өз қызметін ҚР энергетикасы саласымен байланыстырған әзірге мен ғана. Экономикалық талдау, бизнес-жоспарлау, қаржылық көрсеткіштер – бұл бағыттар үнемі менің қызығушылығымды тудыратын. Бірақ екі жыл бұрын маған қызмет ету саламды ауыстырып, өзімді бухгалтерлік есеп бөлімінде байқап көруді ұсынды. Аз уақыт ішінде жаңа ақпараттарды меңгеріп, басқа да қабілеттерді үйренуге тура келді. Бұл мен үшін кәсіби де, тұлғалық бағытта да дамуға мүмкіндік берген өте үлкен тәжірбие болды. Сонымен қатар, осы қызметке ауысудың нәтижесінде өз кәсіби білімімді ары қарай жетілдіріп, болашақта АССА (The Association of chartered certified accountants) біліктілігін алуға құлшыныс берді.
Жұмыс бағыты, әсіресе Алматы қаласы мен облысын қамтығандықтан энергетика саласындағы қаржылық талдау мен бухгалтерлік есеп бағыты өте қызық. Бұл жас мамандарға мол тәжірбие жинау үшін таптырмас мүмкіндік. Біздің ұжымда өте білікті мамандар жұмыс жасайды, сондықтан бірге жұмыс жасау арқылы көп нәрсе үйренуге болатын тәжірбиелі мамандармен қатар өмірге нақты мақсат қоя білетін, болашағы көп үміт күттірер жас мамандар буыны бар. Я планирую в ближайшем будущем продолжать свою профессиональную учебу, работать в энергетике и в будущем стать примером уже для своих детей. Енді алдағы уақытта кәсіби білімімді жетілдіріп, энергетика саласында ары қарай еңбек етіп, болашақта өз балаларыма үлгі болуды жоспарлап отырмын.
2016 жылы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мен бос уақытымда суретке түсіркенді, кітап оқығанда ұнатамын және бұрыңғы классикалық фильмдерді жиі қайталап көрумен әуестенемін. Жыл сайын көктемгі-жазғы «Алматы марафоны» жүгіру жарыстарына қатысамын, жүзумен айналысамын және жақын арада ашық судағы Oceanman старттарына қатысуды өзіме ниет етіп отырмын.
Әріптестеріме, энергетика саласының барлық қызметкерлеріне тұрақтылық, толағай табыс және қызметтің барлық салаларында жетістіктерге жетуді тілеймін, сонымен қатар олардың өзін-өзі дамытуы мен рухани тұрғыда жетілдіру қажеттігі туралы ұмытпауын қалаймын.