Отандық электр энергетикасы саласы қолданыстағы активтерді жаңартуды қажет етеді, өйткені қолданыстағы қуаттар өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев мәлім етті.

Спикердің ақпараты бойынша, 2020 жылға арналған бірыңғай сатып алушы 32 энергия өндіруші ұйымдармен жиынтық қуатқа электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша 50 шарт жасасты. Ағымдағы жылы электр энергиясын өндіру секторына шамамен 80 млрд. теңге инвестиция тарту көзделіп отыр.

Энергетика министрлігінің өкілі атап өткендей, электр қуаты нарығынан алынатын табыстың басым бөлігі станция жабдықтарын жаңғырту мен қайта жаңартуға бағытталуы тиіс.

Алайда, спикердің айтуынша, болжамдық бағалаулар бойынша бұл қаражат станция жабдықтарының парк ресурсын жетілдіріп қойған жаңғырту мен жаңартуды толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты электрмен жабдықтау сапасына қауіп төніп тұр.

Анықтама үшін: станциялардың тозу деңгейі жылдан жылға артып келеді және қазіргі уақытта шамамен 60% құрайды. Энергия өндіруші ұйымдардың қолданыстағы шекті тарифтерінің деңгейі отандық энергия өндірушілердің және станциялардың шығындарын толық көлемде өтемейді. Электр қуаты нарығынан кірістердің бір бөлігін ағымдағы шығындарды жабуға жіберуге мәжбүр. Бұл факт электр қуаттарының авариялық істен шығуының, тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының төмендеуінің және Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің көрші елдерден тәуекелдерінің ұлғаюының жиілеген оқиғаларымен расталады.

Бұдан басқа, спикер электр энергиясының өзіндік құны қажетті шығындарды өтемейтінін және қазіргі уақытта энергия өндіруші ұйымдар жаңғыртуға арналған ақшаны ағымдағы шығындарды жабуға арнайды.

«Бүгінгі таңда энергия өндіруші ұйымдар мен көмір кәсіпорындарына 3 млрд.теңгеден астам қаражат керек, бірақ бұған дейін жыл сайын бұл көрсеткіш 200 млн. теңгеден аспаған. Сондай - ақ, газ компанияларының алдында 6 миллиард теңге көлемінде қарыз бар», - деді төраға.

Анықтама үшін:2019 жылы Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде 3 996 технологиялық бұзушылық, оның ішінде 1 - авария, 31 – І дәрежелі істен шығу, 3 964 – І дәрежелі істен шығу жіберілген. Жылу беру кезеңінде технологиялық бұзушылықтар саны 2 380 құрады, оның ішінде: авариялар - 3, І дәрежелі істен шығулар – 26, ІІ дәрежелі істен шығулар – 2 351.

«Бұл жағдай көрші елдерден электр қуаттарын реттеу бойынша қызметтерді жылына 8 млрд. теңгеден астам сомаға сатып алуға мәжбүр етеді, бұл да электр энергиясының түпкілікті бағасына әсер етеді», - деп атап өтті А.Дәрібаев.

Ақпарат дереккөзі: https://ortcom.kz/ru/ism/press-relizy/uroven-iznosa-energostancij-sostavlyaet-poryadka-60

Елімізде энергия станциялары 60%-ға тозған Елімізде энергия станциялары 60%-ға тозған
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Апаттық ағытулар

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар