«ГОЭЛРО жоспарының 100 жылдығы»
2020 жылы КСРО экономикасын дамытудың бірінші перспективалы жоспарына айналған ГОЭЛРО жоспарына (Ресейдің электрлендірудің мемлекеттік жоспарына) 100 жыл толады.
Азаматтық соғыстан кейін Ресей мен бүкіл КСРО-ны отынымен жабдықтау жүйесі бұзылды. Фабрикалардың көп бөлігінің жұмысы тоқтады, тоңып қалған қалалықтар жылыну үшін жиһаздарды жағып тұрды. Отынсыз жұмыс істей алмаған моншалардың жабылуы бөртпе сүзегі індетіне ықпал етті.
1920 жылғы 22 желтоқсанда Кеңестерінің VIII Бүкілресейлік съездінде Ленин ГОЭЛРО жоспарын партияның екінші бағдарламасы деп атай отырып, көп жылдарға табынушылық болған формуланы ұсынды: "Коммунизм – бұл Кеңестік билік және бүкіл елдің электрификациясы».
Елдің отын дағдарысын еңсеруге жаһандық электрлендіру көмектесуі тиіс еді. ГОЭЛРО жоспары өнеркәсіпті 70 км радиуста электр энергиясымен жабдықтау үшін отын (шымтезек, көмір, жанатын тақтатас, су энергиясы) шоғырына жақын 30 электр станциясын салуды қарастырды. Осы жоспарда ол жылдары «Түркменстан» болып көрстеліген Қазақстан да көзделді.
Осы мерейтой күніне орай "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-да 3 жастан 16 жасқа дейінгі Серіктестік қызметкерлерінің балалары мен туыстары арасында шығармашылық конкурстар өткізу орайластырылған:
1) «Электр деген бір қызық» атты тақырыпқа суреттер конкурсы;
2) «Электр деген бір қызық» атты тақырыпқа шығарма жазу конкурсы.
Конкурстың мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әрекетін жандандыру, энергетика мамандығын танымал ету.
Сіздердің назарларыңызға біздің қымбатты үміткерлеріміздің жұмыстарын ұсынамыз.
Тимур_Алпысбаев_10_лет__100_ГОЭЛРО.docx