• Басты бет
  • Баспасөз орталығы
  • Алматы қаласы тұрғындарының карантин кезеңінде электр энергиясы үшін төлемдерді кейінге қалдыруды ресімдеу тәсілдері

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы қаласы мен Алматы облысының аймағындағы электр энергиясының кепілдік жеткізушісі болып табылады және өз тұтынушыларын үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Біз корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің шешімдері мен іс-қимылдарының қоғамға әсері үшін жауапкершілігі ретінде қарастырамыз. Төтенше жағдай және карантин кезінде компания басшылығы жұмыс орындарын сақтап қалу және жалақыны уақтылы төлеу үшін барлық күш-жігерін жұмсауда. Сонымен қатар, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Алматы қаласының тұрғындары үшін наурыз және сәуір айларында тұтынылған электр энергиясының түбіртектері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру жөніндегі бастамасын қолдады. Алматы қаласын электрмен жабдықтау бойынша жұмыс штаттық режимде жүргізілуде. Электр энергиясының тапшылығы жоқ.

Наурыздағы және сәуірдегі төлемдер бойынша кейінге қалдыруды ұсынудан басқа, карантин кезеңінде компания қарыз үшін (тіпті карантин басталған сәттегі) электр энергиясын өшіруге өтінім бермейді.

Наурызда және сәуірде алынған шот-түбіртектер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру жүгінген тұтынушыларға тұтынылған электр энергиясын 2020 жылдың соңына дейін бөліп төлеуге мүмкіндік береді.

Алматы қаласының тұрғындары электр энергиясы үшін төлемді кейінге қалдыруды келесі түрде ресімдей алады:

  1. тәулік бойы қызмет көрсететін Контакт-орталығының +7 (727) 356-99-99, 399-99-00 телефон нөмірлері бойынша қоңырау шалу арқылы,
  2. немесе біздің ресми сайтымыздағы «Кері байланыс» нысанына хабарлама жазу арқылы. Т.А.Ә., дербес шот нөмірін, электрондық поштаны көрсету және «төлемді кейінге қалдыруды ресімдеуді сұраймын» хабарлама тақырыбын жазу маңызды.

(!) тұтынушылардың назарына: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынылған электр энергиясы үшін шоттар әдеттегі тәртіппен қойылатын болады.

Алматы қаласы тұрғындарының карантин кезеңінде электр энергиясы үшін төлемдерді кейінге қалдыруды ресімдеу тәсілдері Алматы қаласы тұрғындарының карантин кезеңінде электр энергиясы үшін төлемдерді кейінге қалдыруды ресімдеу тәсілдері
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY
Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы