ҚР заңнамасына сәйкестігі
Электр энергиясына тарифті қалыптастыру Табиғи монополияларды реттеу комитетінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Тарифтің негізгі құрамдасы электр энергиясының бағасы болып табылады. Электр энергиясы бағасының өзгеруіне байланысты «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қолданыстағы тарифті жеткізушілер алдындағы міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін деңгейге дейін өзгертуге құқылы.
Тариф үнемі ашық
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясына арналған тариф құрылымының айқындығын үнемі қамтамасыз етеді.Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша электр энергиясына арналған түкккі тариф төмендегі құрамдастардан құрылады:
- электр энергиясын өндірушісінің бағалары;
- электр энергиясын магистральдық тораптар бойынша жеткізу бағалары;
- АЖК желілері бойынша жеткізу және үлестіру үшін бағалар.
- реттеу және диспетчерлеу бойынша қызметтер.
Электр энергиясына оңтайлы тарифті қамтамасыз ету
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС маркетингтік жоспарлар құрастырып және оларды іске асырып, электр энергиясын ең төмен бағалар бойынша сатып алды.