Қазақстан Республикасының Астанасы күніне орай 2022 жылдың 06 шілдесінде Іле Алатауының тау бөктерін тазарту бойынша акция өткізілді. «Kaz Eco Patrol» ҚБ-мен бірлесіп Іле Алатауының тау бөктерін тазарту бойынша өткізілген экологиялық акция «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» қызметкерлері арасында кең және белсенді қолдау тапты.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – қоғамның назарын экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына аудару болды.
Сенбілікке Компаниямыздың 130-дан астам қызметкерлері қатысты. Сенбілік біздің компания үшін аумақты тазарту бойынша іс-шара ғана емес, сондай-ақ достармен, әріптестермен, таныстармен көрісу, әңгімелесу, ұжымды одан әрі тату және ұйымшыл ету үшін ұйымдастырылған тамаша мүмкіндік болды.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» және «Kaz Eco Patrol» ҚБ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау керектігін өзінің үлгісімен көрсеткісі келді.
Біздің компаниямыз үшін мұндай іс-шара жақсы дәстүрге айналады деп үміттенеміз!
Telegram