Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғаларды ««Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы - «ЭнергоСбыт» электр энергиясымен жабдықтау қызметіне бағаның алдағы уақытта көтерілетіні туралы хабарламаны талқылау бойынша жария тыңдауларға шақырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу Қағидаларының 18-тармағына сәйкес, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы -«ЭнергоСбыт» жария тыңдаулары 2025 жылғы 15 мамырдағы сағат 11:00-де Алматы қаласы, Қожамқұлов көшесі, 170 А ғимараты мекенжайы бойынша және Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында (@dkrem.almaty) тікелей трансляцияланумен өтеді.
Департамент депутаттарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға шақырады.
Жария тыңдауларға Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы қосылу үшін сілтеме:https://www.facebook.com/profile.php?id=100056525653802 https://m.facebook.com/dkrem.almaty/ .
Байланыс телефондары:
Департамент - 8 (727) 279-51-05;
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Филиалы -«ЭнергоСбыт» - 8 (727) 356-04-05.