Құрметті отандастар!
Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Республика күні – еркіндікті, күш пен әл-ауқатты бейнелейтін, әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызға ие мереке.
Іргесі мықты және тәуелсіз, кең пейілді әрі қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан еліміз әрқашан өркендей берсін!
Туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бізді әрқашан Республикамыздың өркендеуі жолындағы жаңа жетістіктерге шабыттандырсын!
Сіздерге зор денсаулық, бейбіт аспан, табыс, келісім мен тұрақтылық тілеймін, әрбір шаңырақта бақыт пен береке орнасын!
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС
Бас директоры
Гүлжан Исламова