2024 жылдың 15 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша департаменттері (ТМРКД) бірлескен бұйрықпен шекті бағаны 3,8%-ға көтеріп, электр энергиясына жаңа тарифтерді енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім тұрғындар мен бизнес үшін тарифтерді теңестіруге бағытталған қадам болды, оның қажеттілігі туралы сарапшылар жария талқылауларда көптен бері айтып келеді.
Енді тұрғындар мен бизнеске арналған тарифтер іс жүзінде бірдей болды. Жеке тұлғаларға арналған тариф (тұтынушылардың бірінші тобы) орташа босату тарифі бойынша 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 2,28 теңгеге және тұтыну көлеміне қарай сараланған бірінші деңгейдегі тариф бойынша 1 кВтсағ. үшін 2,13 теңгеге өсті. Мысалы, егер бір адам орта есеппен 80-110 кВтсағ. тұтынатын болса, онда үш адамнан тұратын отбасы енді алдыңғы кезеңмен салыстырғанда шот бойынша айына 700-ден 750 теңгеге көбірек төлейтін болады.
Бизнеске (тұтынушылардың екінші тобы) арналған тариф 1 кВтсағ. үшін 80 тиынға өсті, бұл 2,4%-ды құрайды. Алайда, мемлекеттік бюджеттен субсидияланатын кәсіпорындарға (тұтынушылардың үшінші тобы) арналған тариф тіпті 1 кВтсағ. үшін 2,53 теңгеге төмендеді, бұл 6,9%-ды құрайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға (тұтынушылардың төртінші тобы) арналған тариф 1 кВтсағ. үшін 1,16 теңгеге немесе 3,7%-ға өсті.
Электр энергиясы тарифтерінің өзгеру себептері. Тарифтердің өзгеруі ҚР ҰЭМ ТМРКД бекіткен электр энергиясын беру қызметтерінің құнын қайта қарауға байланысты. Мысалы, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ үшін электр энергиясын беру тарифі 1 кВтсағ. үшін 2,46 теңгеден 3,25 теңгеге дейін (2024 жылғы 1 мамырдан бастап енгізілді), ал «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ үшін 1 кВтсағатқа 8,87 теңгеден 11,40 теңгеге дейін (2024 жылғы 1 тамыздан бастап енгізілді) өсті.
Электр энергиясының тарифі неден тұрады? Электр энергиясының тарифі бірнеше негізгі құрамдас бөліктерден тұрады:
- Өндірістік шығындар – шикізат пен электр энергиясын өндіру шығындары. Қазақстандағы электр энергиясының негізгі үлесі көмір жылу электр станцияларында өндіріледі және оның құны көмір бағасына және оны тасымалдауға тікелей байланысты.
- Көлік шығындары – бұл өндірілген энергияны түпкі тұтынушыға жеткізу үшін электр жабдықтарын және желілерін салуды, қызмет көрсетуді және жөндеуді қоса алғанда, қуатты тарату мен электр энергиясын жеткізу құны.
- Сервистік және операциялық шығындар – өндіріс көлемін жоспарлауды және түпкі тұтынушыларға электр энериясын сатуды, сондай-ақ төлемдерді жинауды ұйымдастыруды қамтиды.
«АлматыЭнергоСбыт» компаниясы бұл процесте маңызды функцияларды орындайды:
- Алматы қаласы мен Алматы облысында барлық тұтынушыларда жеткілікті энергия болуы және кезекпен өшіруді жүргізуге жол бермеу үшін электр энергиясын тұтыну көлемін жоспарлайды.
- теңгерімдеуші нарықтағы сағат сайын өзгеретін бағаға сүйене отырып, электр энергиясын Бірыңғай сатып алушыдан сатып алады.
- энергия беруші ұйымдарға электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтерге ақы төлейді.
- Шарттар жасасу және уақтылы төлемдерді бақылау арқылы түпкі тұтынушыларға электр энергиясын сатуды ұйымдастырады.
Бұл процестерді Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және Ұлттық экономика министрлігі сияқты салалық мемлекеттік органдар реттейді және бақылайды.
Электр энергиясына тарифтерді кім және қалай белгілейді? Алматы және Алматы облысында энергияны өткізу тарифтері тек бір кәсіпорын «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС үшін белгіленеді, ол миллионға жуық тұтынушыға қызмет көрсететін Қазақстандағы электр энергиясының ірі жеткізушісі болып табылады. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өз салаларында монополист болып табылатындықтан, олардың тарифтерін ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) белгілейді.
Тарифтерді бекіту процесі қатаң реттеледі, ол қоғамдық тыңдаулар арқылы өтеді және энергетикалық компаниялардың шығындарын толық талдауға негізделген. Шешімдер жұртышылықтың мүддесі үшін қабылданады және тұтынушылардың барлық санаттары үшін қолжетімді және әділ тарифтерді қолдауға бағытталады.
Жаңартылған тарифтер сайтта жарияланған: жеке тұлғалар үшін https://www.esalmaty.kz/ru/home-tariffs, заңды тұлғалар үшін https://www.esalmaty.kz/ru/business-tariffs.
Ағымдағы жылғы 15 қазанға дейінгі тұтыну көлемі өткен кезеңнің нақты тұтынуы негізінде есептік жолмен анықталатын болады.