Таза энергетиканы дамытуды қолдау аясында, сондай-ақ 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-IV «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңның нормаларын орындау мақсатында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-де электр энергиясын нетто-тұтынушылар болып табылатын тұтынушылармен электр энергиясын сатып алу-сатуға қолданыстағы шарттары бар.
Заңның 1-тарауының 1-бабының 13-тармақшасына сәйкес:
электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі – нетто-тұтынушы) – жаңартылатын энергия көздерінің аралас қондырғыларын қоса алғанда, таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі ауқымы шағын объектіден электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен нетто-тұтынушылар арасында сатып алу-сату шарттарын жасасу жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қолдау және дамыту жөніндегі шара болып табылады.
Заңның 9-1 бабының 3-тармағына сәйкес (2024 ж. 20 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі):
Нетто-тұтынушы өзiне қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйымға оның қолданыстағы тарифi бойынша электр желiсiнен есептi кезең iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемiне, нақ сол кезең iшiнде электр желiсiне өзі берген көлемдi шегере отырып, ақы төлейдi.
Электр желiсiне есептi кезең iшiнде нетто-тұтынушы берген электр энергиясының көлемi электр желiсінен нақ сол кезең iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемiнен асып кеткен жағдайда, қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушыға жоғарыда аталған асып кету көлеміне оның шекті бағасы бойынша (тұтынушылар топтары бойынша сараламай) ақы төлейдi.
1 мамырдан бастап «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС шекті тарифі 1кВсағ. үшін ҚҚС-сыз 28,00 теңге.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымның нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сатуы уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
01.08.2024 жылғы жағдай бойынша «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС мен нетто-тұтынушылар арасында жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын 32 объект аясында электр энергиясын сатып алу-сату туралы 30 шарт жасалды.
Нетто-тұтынушы мәртебесін алуға қойылатын негізгі талаптар:
- ЖЭК қондырғысының болуы;
- Электр энергиясын желіден қабылдауды және электр энергиясын желіге беруді тіркейтін екі бағытты есепке алу аспабының болуы;
- «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-мен жасалған Электрмен жабдықтау шартының болуы;
- Банк деректемелері.
Нетто-тұтынушыдан электр энергиясын сатып алу желілеріне нетто-тұтынушы қосылған энергия беруші ұйымға оның желіге қосылу фактісі туралы хабарлама алғаннан кейін басталады.