Осы аптадан бастап танымал Kaspi.kz және KaspiPay қосымшаларында электр энергиясының төлеміне байланысты жаңа функционал пайда болды. Электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тұтынушылары енді шоттарды Kaspi bank арқылы 0 теңгеге төлей алады. Бұрын бизнеске арналған комиссиясыз төлем Халық банкінің қосымшаларында ғана қолжетімді болған.
Оңайлатылған салық салуды таңдаған жеке кәсіпкерлер Kaspi.kz және Homebank Halyk мобильді қосымшаларында төлем карточкасымен комиссиясыз төлем жүргізе алады. Ол үшін «Төлемдер» бөлімінде «АлматыЭнергоСбыт. Заңды тұлғалар» бөлімшесін таңдап, «Шарттың нөмірі» мен төлем сомасын енгізу қажет.
Жалпыға бірдей белгіленген салық салудағы ЖШС және ЖК бизнеске арналған KaspiPay және Onlinebank Halyk мобильді қосымшаларындағы шоттарынан электр энергиясының төлемдерін жүргізе алады.
Бизнес үшін тұтынылған электр энергиясының төлем сомасы тұтынушылардың көрсеткіштерінің негізінде есептелетінін есте сақтаған жөн. Жеке кабинет арқылы есепке алу құралдарының көрсеткіштерін жіберу өте оңай.
Жеке кабинеттегі аккаунт заңды тұлғаның БСН/ЖСН бойынша тіркелетініне назар аударыңыз. Бұл:
- Жеке кабинетке қолжетімділік қызметкерлерге ұсынылатын компанияның ЭЦҚ арқылы жүзеге асыралады. Компанияның ЭЦҚ-сын алу туралы мәліметтерді интернеттен таба аласыз.
- Әр түрлі аудандарда бірнеше кеңселері бар компаниялар мен ЖК үшін өте ыңғайлы. Бір аккаунт бірнеше электрмен жабдықтау нысандары мен шарттарын басқаруға, сондай-ақ барлық нысандар үшін төлемдер тарихы мен қолжетімді функцияларды көруге мүмкіндік береді.