Бүгін АлматыЭнергоСбыт жас белсенділері шағын тобының бірінші басшымен бейресми кездесуі өтті. Аталған іс-шара шабыт пен құрметке толы болды.
Компанияның бас директоры Еділ Копеновпен өткізілген таңғы ас барлық қатысушыларға тамаша әсер қалдырды.
Мотивациялық сипатта жоспарланған кездесу білімге деген құштарлық, өзгерістерге деген ұмтылыс және Еділ Құдайбергенұлы секілді энергетика саласына 22 жыл арнаған білікті маманның өз ісіне деген адалдық сезімдерін жеткізуге мүмкіндік берді.
Ең бастысы – іс-шарада орын алған атмосфераны атап өтуге болады. Жастар қауымы ұйымдастырылған шараларда белсенді жұмыс атқарғаны үшін әрі оларды көтермелеу мақсатында шақырылды және басшы өзінің өнегелігі мен еңбекқорлығымен жастарға әсер еткені байқалды. Еділ Құдайбергенұлының тәжірибесі мен жетістіктері туралы әңгімесінен кейін жас белсенділер өздерінің сұрақтарын қойды.
Кездесуге келген барлық қатысушылар осындай керемет іс-шараға қатысуға мүмкіндік бергені және өздерінің жаңа бастамалары мен жетістіктеріне қажетті шабыт алғаны үшін ризашылығын білдіріп кетті. Еділ Копенов – жұмысы мен іске адалдығы әлемді жақсы жаққа өзгерте алатын нағыз көшбасшы.