Наурыз мейрамы қарсаңында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС НАУРЫЗНАМА мерекелік онкүндігін қолдай отырып, 17 наурызда Саитовтың көркем сурет мектебінде балалар суреті байқауын өткізді.
Наурызнама онкүндігінің төртінші күні – Шаңырақ күні. Бұл күн үлгілі отбасыларға, адамгершілік тәрбие мәселелеріне арналған отбасылық құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған.
Конкурсқа компания қызметкерлерінің үш жас санаты бойынша 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалары әр түрлі тақырыпта суреттер салды.
1-топ – 5-тен 8 жасқа дейін, «Қазақстан табиғаты» тақырыбы;
2-топ – 9-дан 12 жасқа дейін, «Қазақ ауылы» тақырыбы;
3-топ – 13-тен 15 жасқа дейін, «Қазақ салт-дәстүрлері» тақырыбы.
Балалардың ешқайсысы сыйлықсыз қалмады, әрқайсысына Қатысушы дипломы және сурет салуға арналған жинақты алды. Жүлделі орындарға ие болған балалар Marwin балалар дүкенінің сертификаттарымен марапатталды.
Балалар мерекесінде көтеріңкі көңіл-күй, қуаныш пен шығармашылық шабыт атмосферасы орнады.