«Наурызнаманы» тойлау онкүндігінің бесінші күні ұлттық киімге арналды. Қазақ сән өнерінің тарихында мәдени мұраның бірегей ерекшеліктері мен байлығы жатыр. Ежелгі заманнан бері қазақ әйелдері өздерінің киімге деген ерекше талғампаз стилімен назар аудартатын. Орта Азия, Парсы мен Араб елдерінің халқы ерлер киімін өздерінің дене бітімдеріне сай қайта тіккізген дәуірде, қазақ әйелдері жеке бастың төлқұжаты болып табылатын бірегей әйелдері киім үлгісін ұсынды. Бұл киім үлгісі әйелдің мәртебесі мен жасын ғана емес, оның руы мен жасауын да көрсететін. Осылайша, әсіресе XIX ғасырдағы қазақ сәні ерекше талғампаздық пен индивидуализммен көз тартатын.
Ұлттық киім күніне орай 18 наурызда «АлматыЭнергоСбыт» компаниясының ұжымы орталық кеңсе, қалалық және облыстық бөлімшелер қызметкерлері арасында конкурс өткізді. Аталған іс-шара қазықтың ұлттық киімін дәріптеуге арналды. «АлматыЭнергоСбыт» қызметкерлерінің «Жас Қуат» кәсіподағы жүлделі сыйлықтары бар шағын жүлде қорын бөлді, ол жүлделермен келесі қатысушылар марапатталды:
Орталық кеңсенің жеңімпаздары:
1-орын – Сейдалиева Ғазиза, бас директордың аппараты,
2-орын – Чайкенова Тұмар, бюджеттік жоспарлау, экономикалық талдау және инвестициялар департаменті,
2-орын – Шарапат Назерке, бухгалтерлік және салық есебі департаменті;
3-орын – Тобулбаева Дана, қашықтықтан қызмет көрсету департаменті;
3-орын – Тойбаева Әйгерім, тәуекелдерді басқару және корпоративтік даму бөлімі;
3-орын – Калашникова Александра, орталық жабдықтаушы және энергия ресурстарымен қамсыздандыру қызметі.
Алматы қаласындағы 7 бөлімше қызметкерлерінің арасындағы ұлттық костюм байқауының жеңімпаздары:
1-орын – Көбелеков Қуат, №7 АЭЖБ;
2-орын – Берік Гүлнар, №5 АЭЖБ;
3-орын – Мирсалимова Карина, байланыс орталығы/қашықтықтан қызмет көрсету департаменті.
Алматы облысының 11 бөлімше қызметкерлерінің арасындағы ұлттық костюм байқауының жеңімпаздары:
1-орын – Сүлейменова Жанна, Өтеген Батыр ауылындағы бөлімше;
2-орын – Гүлсім Бағдатқызы, Балқаш бөлімшесі;
3-орын – Дюсупова Роза, Іле бөлімшесі.
#наурызмейрамы_алматыэнергосбыт #алматыэнергосбыт