2024 жылдың 29 ақпанында Алматы уақыты бойынша сағат 11.30-дан бастап «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Контакт-орталығының телефоны 2024 жылғы 1 наурыздан бастап елдегі уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты уақытша қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз.
Сіз өзіңізге жақын орналасқан «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бөлімшесіне электр энергиясына қатысты мәселелерді шешу және тарифтер, есеп айырысулар, электр энергиясының болмауының себептері бойынша қосымша консультация алу үшін жүгіне аласыз, сондай-ақ электрмен жабдықтауды қалпына келтіруге арналған өтінімді қалдыра аласыз.
Сіз Telegram мессенджеріндегі «@AlmatyESBot» чат-боты, сондай-ақ www.esalmaty.kz ресми сайтымыздағы Апаттық өшіру мен Жоспарлы өшірулер кестесі қосымша беттері арқылы электр энергиясын жоспарлы және апаттық өшірулер мен дебиторлық қарыз үшін өшірулер туралы ақпаратты онлайн-режимде ала аласыз.
Мәселелерді шешу үшін компанияның корпоративтік сайтында тұтынушы заңды және жеке тұлғаларға арналған Жеке кабинеттер қолжетімді.
Тұтынушы жеке тұлғалар үшін Жеке кабинетте онлайн өтінім беру мүмкіндігі ұсынылған. Электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, онлайн-режимде келесі мәселелерді шешу ұсынылады:
1) тұрғындардың санын өзгерту;
2) меншік иесін ауыстыру;
3) тарифтік жоспарды өзгерту;
4) дербес шотты жабу;
5) электрондық түбіртекке жазылу.
Егер Сізде сұрақтар туындаса немесе қосымша ақпарат алу қажет болса, бізге ресми сайттың басты бетінде орналасқан Кері байланыс немесе «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің office@esalmaty.kz корпоративтік поштасы арқылы өтініш қалдыруыңызға болады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!