
Аға буын адамдарына құрметпен қарау және оларға қамқорлық жасау қоғамның тұрақты дамуының кепілі болып табылады. Акцияның басты мақсаты – қиын-қыстау кезеңде осы Жеңісті жақындатқан батырлармен бірге соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық пен қолдау көрсету.
Жеңіс күніне орай, барлық қажетті санитарлық шараларды сақтай отырып, Серіктестік қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көңіл бөліп, оларға материалдық көмек көрсетті.