Аймақтың энергетиктерінің жылыту маусымына қатысты күзгі жұмыстары аяқталды.

«Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (АЖК) 2020-2021 жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындықтың соңғы кезеңінде тұр.

2020-2021 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жүргізу мақсатында «АлЭС» АҚ-ның барлық департаменттерінде қажетті отын қоры – 484 мың тонна көмір және 24 мың тонна мазут жинақталды. Бүгінгі күні «АлЭС» АҚ бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді және резервтік қазандықтар мен турбиналарды ескере отырып, қысқы максимумға кіру кезеңінде жылыту қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті энергия көздері жабдықтарының 100% құрамы дайындалды. «АлЭС» АҚ электр және жылу энергиясын беру бойынша өзінің шарттық міндеттемелерін толық көлемде орындайды.

«АЖК» АҚ жөндеу бағдарламасының негізгі іс-шараларын іске асыруды және авариялық резервті жинақтауды аяқтады. «АЖК» АҚ қызметкерлері 0,4-110кВ 1 600 км-ден астам кабель, әуе электр беру желілерін немесе жылдық жоспардың 91%-ын жөндеді, 931 қосалқы станциялардағы жабдық немесе жылдық жоспардың 86% жөнделді. Белгілі болғандай, электржелілік жабдықтың сенімділігі желідегі жүктемелер айтарлықтай ұлғайған кезде суық ауа райы кезеңінде апатсыз жұмыстың маңызды факторы болып табылады.

Ағымдағы жылы КҚК-ге дайындық сыртқы факторлармен күрделене түсті, бірақ осыған қарамастан барлық жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзімдерде, тіпті озық қарқынмен, бұл ретте орындалатын жұмыстардың сапасы сақтала отырып іске асырылуда.

Күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз етуде жоғары кәсіби дайындықта тұрған және барлық қажетті жабдықтармен және арнайы техникамен толық қамтылған компаниялардың жедел персоналы маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн.

Энергетиктер Алматы мен Алматы облысындағы жылыту маусымына дайын Энергетиктер Алматы мен Алматы облысындағы жылыту маусымына дайын
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY