«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформация офисі мен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС басшылығының осы аптада өткен жұмыс кездесуінің қорытындысы цифрландыру бойынша жаңа бастамаларды қарастыру болды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформация офисі еншілес ұйымдарда жергілікті ақпараттық күндер өткізу мен кездесулер циклін бастады. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС команданың жұмыс кездесулерінің кестесіндегі бірінші ұйым болды. Іс-шаралардың мақсаты – холдингте Цифрлық трансформация бағдарламасын іске асыру туралы ақпараттандыру және еншілес ұйымдарды дамыту аясында белсенді өзара іс-қимыл жасау.

«Самұрық-Энерго» АҚ «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің ұсыныстарын қарауға, алынған идеяларды дамытуға көмек көрсетуге дайын. «Біз компанияның алға даму және сервисті одан әрі жақсарту мен бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша мақсаттарды қойып отырғандығын көріп отырмыз», – деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Еділ Көпенов.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Трансформация бағдарламасын жүзеге асыруға алғаш рет қатысып отырған жоқ. Бизнес-процестерді цифрландырудың алғашқы жетістіктерінің бірі – біздің Контакт-орталығымыздың бағдарламалық қамтамасыз етуін жаңарту. Жақында енгізілген жаңалықтар жеке тұлғаларға арналған онлайн-қызметтер мен қосымша төлем тәсілін енгізу болды.

Жақсарту және цифрландыру бойынша пікірталас бас кеңсенің қабырғасынан тыс «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің аудандық бөлімшесіне қарай бірқалыпты түрде өтті.

Трансформация офисінің командасы фронт-офистің өзгеруін, яғни электрондық кезек жүйесі бар жаңа open space форматын көрді.

Қазіргі уақытта «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС:

  1. Контакт-орталығын жаңғыртты;
  2. Аудандық бөлімшелерді open space форматында қайта құрды;
  3. Сайтты жаңартты;
  4. Жеке кабинеттің функционалын жетілдірді:

жеке тұлғалар онлайн-режимде: 1) тұрғындардың санын өзгерту; 2) тарифті өзгерту; 3) есепке алу құралын тексеру үшін қызметті шақырту; 4-5) есепке алу құралын пломбалау/пломбасын алу; 6) дербес шотты жабу; 7) есепке алу құралының көрсеткіштерін беру мен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның (АЖК) қызметкерін есепке алу құралының көрсеткіштерін алу үшін шақыруды жүзеге асыра алады;

заңды тұлғалар энергиямен жабдықтау шартына онлайн режимде қол қоя алады;

  1. Дәстүрлі ЕКҚ, «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелері, интернет-банкинг және egov.kz порталынан басқа, төлем терминалдары арқылы (65 мыңнан астам төлем терминалдары) төлемдерлі қабылдауды жүзеге асырады.

Трансформация офисінің командасына «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 2020 жылы іске асыруға ұмтылатын бизнес-процестер мен қызметтерді цифрландыру бойынша бірқатар жобалар ұсынылды.

Цифрландыру – өмірдің барлық салаларының сапасын жақсартудың табиғи жолы. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің басты мақсаттары – тұтынушылардың қанағаттануын арттыру және сервисті жақсарту. Трансформация бағдарламасы бойынша «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің міндеттері бизнес-процестерді автоматтандыру және цифрлық шешімдерді қолдану арқылы сервисті одан әрі жақсарту болып табылады.

Цифрландыру бойынша бастамалар Цифрландыру бойынша бастамалар
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY