Ермекбай Жумагалиев, 29 жас

Мен, Жумагалиев Ермекбай Бакдаулетович, 2012 жылдан бері «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің №7 аудандық электр энергиясын өткізу бөлімінде заңды тұлғалармен жұмыс бағыты бойынша 2-санатты инженер болып жұмыс істеймін, білімім – жоғары (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Экономина және бизнес жоғарғы мектебі, «Қаржы» мамандығы, магистр дәрежесі)

Энергетика саласында 6 жылдан бері қызмет етіп келемін. Өз қызметімді «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің №7 аудандық электр энергиясын өткізу бөлімінде, жеке тұлғалармен жұмыс жасау бағытында бастағанмын.

Энергетика – бұл мол тәжірбие арқылы сипатталатын өндірістің аса маңызды саласы. Мұнда әр түрлі адамдармен сөйлесуді, олардың ойлау жүйесін өздігіңнен түсіну арқылы, сұраныстарын қанағаттандыруды үйренесін. Айналадағы адамдардың жұмыстарын зерделеу арқылы өз білім қорыңды толықтырасың, ешқашанда бір орында отырмайсың, үнемі даму, қозғалыс үстіндесің. Ал өмір деген сол қозғалыстан тұрады. Мен өзіме қызықты, мен үшін жаңа жобалармен жұмыс жасауға қашанда мүдделімін. Өйткені, мұндай жобалар менің мансаптық өсуіме, жеке тұлғалық дамуыма, кәсіби маман ретінде қабілетімді жетілдіруге әрі компанияның мақсаттарына жетуде жеке үлесімді қосуға мүмкіндік береді.

Сөзімді түйіндей келе, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-да жұмыс жасай жүріп оператор және инженер мамандығының қыр-сырына үйреніп, кәсіби қабілетімді шыңдадым, клеинтке бағдарланған қызмет бағытын тәжірбие жүзінде меңгердім, сенімді қарым-қатынас орнату арқылы жұмыс жасауды, тұтынушыны өзіңе және компания қызметіне тарта білуді, жеке әлеуетімді жандандырып, жұмысқа деген ынтамды арттырдым.

Компанияның қоғамдық өміріндегі белсенділік:

- «Cамрұқ-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында өткізілген Спартакиадаға қатысу.
- Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға орай өткізілген үгіт-насихат жиынына қатысу («Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының қатысуымен өткен іс-шарада «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жас маманы ретінде баяндама жасады).
- «Cамрұқ-Энерго» АҚ компаниялар тобының  арасында өткізілген «Біздің күшіміз-бірлікте» атты «Көңілді тапқырлар алаңына» қатысу.

21 шақырым қашықтық санатымен «Алматы жартылай марафоны 2018» марафонына қатысу.

Жетістіктер мен марапаттар:
-  2015 жылы компаниядағы табысты еңбегі үшін әрі «Энергетиктер күніне» орай «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің Құрмет грамотасымен марапатталды.
- 2016 жылы Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімін, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының төрағасы А.Рахымбетовтың Алғыс хатымен марапатталды.

- 2016 жылы ҚР Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

- 2018 жылы «АлматыЭнергоСбыт» командасының құрамында белсене қатысып, шағын футболдан 1 орынға ие болғаны үшін «Мойнах ГЭС» АҚ-ның дипломымен және медалімен марапатталды (Жеңіс күніне орай өткізілген іс-шара).
- 2018 жылы ұжымның қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің Құрмет грамотасымен марапатталып, «Біздің күшіміз-бірлікте» атты Көңілді тапқырлар алаңында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар топтарының арасында 1-орынға ие болды.
Бос уақытымда спортпен айналысуға арнаймын: футбол ойнаймын, күрес залында жаттығамын. Әр түрлі спорттық жарыстар мен іс-шараларға қатысамын. Тығыз жұмыс аптасынан кейін күшіңді қалпына келтіріп, рухани бағытта даму үшін табиғат аясында дем алуды және тауға шыққанды ұнатамын .

Өзімнің әріптесеріме және жалпы осы салада қызмет жасайтын жандарға әрқашанда табысты еңбек етуді, мақсатқа жету жолында тек сәттілік серік болуын, ойдағы жоспарларды іске асыруда үнемі ғажайып мүмкіндіктердің кездесуін және деннің саулығы мен бақытты ғұмыр кешулерін тілеймін.

Ермекбай Жумагалиев Ермекбай Жумагалиев
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар