Ұлы Жеңіс Күнімен!
Жеңіс Күні – еліміз үшін орны ерекше ұлы мереке. Біз фашистік Германияны жеңген Ұлы Жеңіс күнін жыл сайын атап өтеміз! Бұл күн тарих қойнауына тамырымен бойлап бара жатқанына қарамастан, Отанымыз үшін жеңістің тарихи маңызы зор.
Жеңіске жету жолында жанын қиған ержүрек батырларымыздың ерлігі мәңгі ұмытылмай, еліміз ашық аспан астында өркендеп, дами берсін!
Баршаңызға бірлік, бақыт, қуаныш пен шаттық тілеймін!
Ұлы Жеңіс Күні құтты болсын!
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС
Бас директоры
Е. Копенов