Еліміздің басты мерекесі - Қазақстан Республикасының күні!
Ұлттық мерекелер көбінесе мемлекеттілік пен егемендіктің қалыптасуымен байланысты және сол күн елдің немесе ұлттың тарихындағы ең маңызды күн болып айқындалады.
1990 жылғы 25 қазан күні Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды, ол Қазақ КСР-нің егемендігін және тәуелсіз мемлекеттің саяси-құқықтық негіздерін бекітіп берді. Дәл осы Егемендік туралы Декларация Қазақстан Республикасы егемендігінің іргелі қағидаттарын жариялаған алғашқы ресми құжат болды.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС ұжымы барша қазақстандықтарды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтайды!
Республика күні – халықтың рухын көтеріп, елімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын, егемендігіміз бен елдігіміздің нышаны, бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын маңызы бар басты мереке.
Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, мол бақыт пен табыс тілейміз! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын! Республикамыздың көк туы бейбіт аспан астында желбіреп, еліміз гүлденіп, көркейе берсін!
«АлматыЭнергоСбыт» компаниясының ұжымы