
2023 жылғы 25-26 мамырда «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-де «Самұрық-Энерго» АҚ Даму, Өткізу және Өзгерістер жөніндегі басқарушы директоры Е.Д.Ивченконың тапсырмасы бойынша нақты уақыт режимінде «Бірыңғай сатып алушы» мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы арқылы электр энергиясын өткізу механизмін енгізу аясында заңнамадағы өзгерістерге қатысты жұмыс кездесуі өтті.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының басшылары, «Самұрық-Энерго» АҚ «Нарықты дамыту және Өткізу» департаментінің директоры Дүйсенов Е.А., «Самұрық-Энерго» АҚ «Стратегия және Экономикалық талдау» департаментінің директоры Камалов А., «Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация және Отын» департаментінің директоры Ауталипов Г.Т., «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры Копенов Е.Қ., сондай-ақ «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, «У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ СЭС», «Qazaq Green Power PLC» ҚК өкілдері қатысты.
Бірыңғай сатып алушының негізігі міндеттері:
- Тұтынушылар жүктемесінің тәуліктік кестесін қанағаттандыру мәселесін шешу – тұтынушылардың «жоспарланған» теңгерімсіздіктерін жою;
- Электр энергиясы нарығындағы бағалармен жүргізілетін алыпсатарлықты, әсіресе мемлекет тарапынан бағалардың реттелуі жүргізілмейтін және қызметі реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар бөлігінде алып тастау;
- Энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын сатудағы ашықтығы;
- Электр энергиясының импорты-экспортын ұйымдастыру мәселелерін шешу;
- Электр энергиясы нарығында, оның ішінде экспортқа бағдарланған кәсіпорындар үшін атаулы көмек көрсету мәселелерін шешу;
- Республиканың өңірлері арасында базалық тауар ретінде электр энергиясына айтарлықтай ерекшеленетін бағаларды жою (өңірлердегі халық пен бизнес үшін тең емес шарттар) болып табылады.
Жұмыс кездесуіне қатысушылар «Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидалары», «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидалары» мен «Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары» жобаларына енгізілетін өзгерістерге қатысты талқылау жүргізіп, пікір алмасты.
Жұмыс кездесуі аяқталғаннан кейін қатысушылар көтерме сауда нарығы субъектілерінің ескертулерін ескере отырып, 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін нормативтік-құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу, сондай-ақ жинақтау мен одан әрі уәкілетті органдарға жолдау үшін қайта енгізілетін Қағидаларға қатысты ескертулерді «Самұрық-Энерго» АҚ «Нарықты Дамыту және Өткізу» Департаментіне жолдау қажеттілігі туралы шешім қабылдады.