Энергетика министрлігі электр энергиясы нарығында тарифті көтеруді ұсынып отыр
«Қазақпарат» ХАА ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, инвестициялар ағынын қамтамасыз ету мақсатында электр қуаты нарығындағы қолданыстағы тарифті көтеру қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.
«Энергетикалық кәсіпорындар жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін инфляция деңгейіне индекстеуді көздейтін болжамды тарифтік саясат қажет», - деді Болат Ақшолақов.
Бүгінгі таңда, министрдің айтуынша, электр қуаты нарығы аясында салаға салынған инвестицияларды қайтару үшін жұмсалатын қаражат көлеміне лимит белгіленген. Қазіргі уақытта лимит 32 млрд теңгені құрап, 100 млрд теңгеге арттыруды талап етеді.
«Сонымен қатар, инвестициялар ағынын қамтамасыз ету мақсатында электр қуаты нарығындағы қолданыстағы тарифті айына 1 МВт үшін ағымдағы 590 мың теңгеден 885 мың теңгеге дейін арттыру қажет», - деді Болат Ақшолақов.
Ақпарат көзі: https://www.inform.kz/ru/uvelichit-tarif-na-rynke-elektricheskoy-moschnosti-predlagaet-minenergo_a3991668