«АлматыЭнергоСбыт» заңды тұлғалардың шоттар төлемін жүргізуіне қатысты түсініктеме берді

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директорының жабдықтау жөнінен орынбасары Антонова Ольга тұтынушылар электр энергиясы төлемін қалай және қайда төлей алатынын айтып берді, сонымен қатар неліктен заңды тұлғалар танымал мобильді қосымша арқылы төлем жасай алмайтынын түсіндірді.

Ол заңды тұлғаларға арналған тұтынылған электр энергиясы үшін төлем жасау тәсілдерін еске салды. Қолма-қол ақша түріндегі төлемді: екінші деңгейлі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС аудандық бөлімшелерінде орналасқан кассалар, Qiwi, Kassa24, SmartBilling төлем терминалдары арқылы жүргізуге болады.

Қолма-қол ақшасыз төлем әдістері заңды тұлғалардың жеке кабинетінде және Kazakpay мобильді қосымшасында қолжетімді. Антонова Ольга заңды тұлғалар неге Kaspi қосымшасы арқылы электр энергиясы төлемін төлей алмайтынын да түсіндірді.

«Kaspi Bank» АҚ «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-не әрбір қабылданған төлем үшін 0,2% мөлшерлеме бойынша төлемдерді қабылдау туралы ынтымақтастықты ұсынады. Электр энергиясына шекті бағаны қалыптастыру кезінде тарифтің өзіндік құны банктердің және тұтынушылардан коммуналдық төлемдерді алу бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтері ескерілмейді («Қоғамдық маңызы бар нарықтарды баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығы). Яғни, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өз тарифінде төлемдерді қабылдау және өңдеу шығындарын қабылдай алмайды», - деп түсіндірді Антонова Ольга.

Электр энергиясы болмаған жағдайда, абоненттер @AlmatyESBot Telegram-ботына жүгіне алады. Сонымен қатар, сілтеме бойынша апаттық өшірулер туралы ақпаратты білуге болады.

Тұтынушы төлемнің түскенін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тәулік бойы жұмыс істейтін контакт-орталығының 8 727 356 99 99 телефоны арқылы жедел тексере алады.

«Касса және терминалдар арқылы одан әрі төлем жүргізу үшін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қызметкерлері жеке шоттарына ақша аударымдарын қабылдамайтынына және сұрамайтындығына ерекше назар аударғым келеді. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, office@esalmaty.kz электрондық поштасына байланыс деректері көрсетілген өтінішті жіберуіңізді немесе «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС сайтындағы кері байланыс нысанында өтініш қалдыруыңызды сұраймыз», - деп түйіндеді Антонова Ольга.

Дереккөз: https://www.nur.kz/politics/kazakhstan-economy/2030101-v-almatyenergosbyt-dali-razyasneniya-otnositelno-oplaty-schetov-yurlitsami/

«АлматыЭнергоСбыт» заңды тұлғалардың шоттар төлемін жүргізуіне қатысты түсініктеме берді «АлматыЭнергоСбыт» заңды тұлғалардың шоттар төлемін жүргізуіне қатысты түсініктеме берді
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Электрондық

түбіртекке жазылу

Кері

байланыс

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар

Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы
Telegram