
Алматы қ. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдаулар өтеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының 3-тарауының 21-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғаларды «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің электр энергиясымен жабдықтау қызметіне бағаның алдағы уақытта көтерілетіні туралы хабарламаны талқылау бойынша жария тыңдауларға шақырады.
Жария тыңдаулар 2023 жылғы 13 маусымда сағат 15:00-де Алматы қаласы, Кожамкулов көшесі, 170 А ғимараты мекенжайы бойынша, сондай-ақ Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында (@dkrem.almaty) өтеді.
Департамент депутаттарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауларға шақырады.
Байланыс телефондары:
Департамент - 8 (727) 357-27-41,
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС - 8 (727) 356-04-05.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/region-news/details/13606?lang=kk