• Басты бет
  • Баспасөз орталығы
  • 2023 жылдың 03 сәуірінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас кеңсесінің конференц-залында 2023-2027 жылдар аралығында әрекет ететін Ұжымдық шартқа қол қою салтанаты өтті.

2023 жылдың 03 сәуірінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас кеңсесінің конференц-залында 2023-2027 жылдар аралығында әрекет ететін Ұжымдық шартқа қол қою салтанаты өтті.

Құжатқа қол қою рәсіміне «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры Копенов Еділ Құдайбергенұлы, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қызметкерлерінің «Жас Қуат» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әкімғалиев Нұржан Әкімғалиұлы, «Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағы» ҚБ ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Мұртазин Мұрасат Талғатұлы, «Жас Қуат» кәсіподағының өкілдері мен компания әкімшілігі қатысты.

Кәсіподақ және «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС әкімшілігі тарапынан екі жақты комиссия аталған құжатпен жұмысты алты ай бойы жүзеге асырды.

«Осы ұжымдық шартты жасасу «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-де әлеуметтік тұрақтылық факторы болып табылады, ол шарттың әрекет етуі кезеңінде өзара міндеттемелерді орындау кезінде жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында еңбек және әлеуметтік жанжалдар болмайтынына кепілдік береді» - деп атап өтті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры Копенов Еділ Құдайбергенұлы.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС «Жас Қуат» кәсіподағының төрағасы Н. Әкімғалиев Ұжымдық шарт жобасын дайындау жөніндегі комиссия мүшелеріне атқарған табысты жұмысы үшін алғысын білдіріп, «осы ұжымдық шарттың қоғамдық маңыздылығы оның әлеуметтік шиеленістер мен ұжымдық еңбек дауларының туындауы мүмкін жағдайларын жою жөніндегі сенімді механизмі болып табылатындығын» атап өтті.

Тараптар алдыңғы Ұжымдық шартта қолданыста болған барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер жаңа құжатта сақталады деп келісті.

Сонымен қатар, жаңа ұжымдық шартта Серіктестік қызметкерлерінің ұсыныстары ескеріліп, қарастырылды. Алдыңғы шартпен салыстырғанда келесідей өзгерістер енгізілді:

  • Ұжымдық шарттың нормалары ҚР қолданыстағы заңнамасына және Серіктестіктің ішкі құжаттарына сәйкес келтірілді;
  • Қашықтықтан жұмыс істеуге қатысты қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері неғұрлым толық көлемде баяндалды;
  • Кәсіподақ мүшелеріне санаторий-курорттық емделуге жолдама құнын өтеу мөлшері ұлғайтылды;
  • Келісу комиссиясының жұмыс тәртібі енгізілді;
  • Еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, ұзақ мерзімді мінсіз жұмысы және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін көтермелеудің қосымша түрлері енгізілді;
  • Мүгедек баласы бар ата-ана, қорғаншы, қамқоршы болып табылатын қызметкерлерге, сондай-ақ қамқорлығында «бала кезінен мүгедектігі» бар адамдардың ата-анасы, қорғаншысы, қамқоршысы болып табылатын қызметкерлерге материалдық көмек көрсету тәртібі ұлғайтылды және нақтыланды;
  • Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Cеріктестік қызметкерлеріне уақытша қаржылық көмек көрсету туралы норма қосылды.

Ұжымдық шарттың болуы және оған қол қойылуы жұмыс беруші мен қызметкер тараптары үшін де тиімді. Жұмыс беруші үшін – бұл еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықтың кепілі, қызметкер үшін – жеңілдіктерді алуы. Жаңа ұжымдық шарт жобасының әрбір тармағы егжей-тегжейлі алты ай бойы қарастырылып, нәтижесінде үйлесімді құжат алынды.

img 20230515 wa0047

2023 жылдың 03 сәуірінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас кеңсесінің конференц-залында 2023-2027 жылдар аралығында әрекет ететін Ұжымдық шартқа қол қою салтанаты өтті. 2023 жылдың 03 сәуірінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас кеңсесінің конференц-залында 2023-2027 жылдар аралығында әрекет ететін Ұжымдық шартқа қол қою салтанаты өтті.
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар