
Алматы қаласында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС хабарламасы бойынша жария тыңдау өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылғы 13 желтоқсанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің электр энергиясы қызметіне шекті бағаны көтеруді келісу туралы хабарламасын қарастыру бойынша жария тыңдау өткізді.
Жария тыңдауға «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің тұтынушылары қатысты.
Жария тыңдау барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті, сондай-ақ Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында көрсетілді, сілтеме: https://www.facebook.com/watch/dkrem.almaty/.
Тұтынушылар ұйымның тарифтік сметасының шығындар баптары, қызметкерлердің жалақысының мөлшері, нормативтік саны, сондай-ақ «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар қойды. Серіктестік өкілдері қойылған сұрақтарға тиісті түсініктемелер берді.
Департаменттің шешімі жария тыңдауға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып қабылданады.
Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/region-news/details/11586?lang=kk