Қазақстан ЖЭК объектілерінің құрылысы бойынша шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізуде

news 19 10 1

«Қазақпарат» ХАА ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда Қазақстанда жалпы қуаты шамамен 2300 МВт болатын ЖЭК-нің 140-тан астам нысаны жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

«Жалпы электр энергиясын өндірудегі ЖЭК үлесі 3,7%-ды құрайды. ЖЭК секторына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1 трлн теңгеден асты», - деді Болат Ақшолақов.

Ағымдағы жылы Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, ЖЭК-тен алынатын электр энергиясының көлемі 4,5 млрд кВтсағ. немесе өндірістің жалпы көлемінің 4%-ды құрайды деп болжануда.

Бұл ретте, есеп айырысу-қаржы орталығымен қол қойылған шарттарға сәйкес үш жыл ішінде жиынтық қуаты 850 МВт-тан асатын 48 ЖЭК объектісін қосымша енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында ЖЭК нысандарының құрылысы бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруға бастамашы болып отырған Франция, БАӘ, Сауд Арабиясы компанияларымен келіссөздер жалғасуда.

«Бұл компаниялар электр энергиясының құнын ағымдағы аукциондық бағадан төмен сатуды ұсынып, жеке келісімдер жасасуды сұрайды. Нысаналы индикаторлар бойынша 2025 жылға қарай электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі 6%-ға тең болуы тиіс. Осы индикаторға қол жеткізу бойынша шараларды қабылдау аясында ағымдағы жылдың қараша айында жалпы қуаты 690 МВт ЖЭК жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу жоспарлануда. Осы аукциондық сауда-саттықты өткізу ағымдағы жылы ЖЭК секторына инвесторларды қолдаудың күшейтілген шараларының арқасында қамтамасыз етіледі», - деп түсіндірді Болат Ақшолақов.

Ақпарат  көзі: https://www.inform.kz/ru/kazahstan-vedet-peregovory-s-zarubezhnymi-kompaniyami-po-stroitel-stvu-ob-ektov-vie_a3991704

Қазақстан ЖЭК объектілерінің құрылысы бойынша шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізуде Қазақстан ЖЭК объектілерінің құрылысы бойынша шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізуде
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Кері байланыс Telegram Электр энергияны өшірудің
интерактивті картасы

Тұтынушының

анықтамалығы

Тарифтер

мен төлем

Меншік иесінің

ауысуы

Жиі қойылатын

сұрақтар