Құрметті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тұтынушылары!
Сіздерге 2022 жылдың 1 маусымынан бастап «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жаңа Телеграмм-бот онлайн қызметін іске қосқаны туралы хабарлаймыз, онда сіз өзіңіздің дербес шотыңыз бойынша электр энергиясын өшіру себебін біле аласыз.
Енді сіз электр энергиясын өшірудің себебін 3 жолмен біле аласыз:
- Контакт-орталығы
- «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС ресми сайты
- Телеграмм-бот
Біздің қызметтерімізді онлайн режимінде пайдалануға мүмкіндік беретін чат-бот «Бот АлматыЭнергоСбыт» немесе «@AlmatyESBot» Телеграмм мобильді қосымшасында.
Телеграмм-бот пайдаланушыларға электр энергиясының жоспарлы және апаттық өшірулері және дебиторлық қарыз бойынша ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Тұтынушылар электр энергиясын өшіру туралы ақпарат алу үшін дербес шот нөмірін енгізеді.
Телеграмм-бот пайдаланушыларға ақпаратты 2 тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.
Телеграмм-ботта өшірулер бойынша ақпарат болмаған жағдайда, тұтынушылар 356-99-99 телефоны бойынша «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тәулік бойы қызмет көрсететін Контакт-орталығына хабарласуы қажет.
- Қызметтерді старт батырмасын басқаннан кейін алуға болады
- Тілді таңдау керек
- Дербес шоттың нөмірін енгізіңіз